«АУЫЛ — РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ» экспедиция жұмысы Жамбыл жерінде жалғасуда …
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Нұр Отан» партиясының қолдауымен дәстүрлі түрде жылда жалғасын тауып келе жатқан «ҚАЗАҚСТАН ZAMANY» газетінің ауыл экспедициясы Жамбыл жерінде жалғасуда. «Ауыл — рухани жаңғырудың қайнар көзі» атауымен бастау алған биылғы экспедиция өткен аптада Байзақ, Қордай, Шу, Мойынқұм, Меркі, Т.Рысқұлов және Жуалы аудандарында болды. «ҚАЗАҚСТАН ZAMANY» газетінің директоры Сәуле Мешітбайқызы бастаған топ аталмыш елді мекендерде жұртшылықпен жүздесіп, бұқараның ой-тілегін тыңдады. Сондай-ақ, бірқатар әлеуметтік және ауыл шаруашылығы нысандарын аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Айта кетейік, биылғы экспедицияға жоғарыда аталған барлық аудандардың әкімдері ерекше қолдау білдіріп, белсенділік танытты. Ал басылымымыздың бас директоры Сәуле Мешітбайқызын талай жылғы ерен еңбегі және ауылдың мұң-мұқтажын биік мінберлерге жеткізудегі жанашырлығы үшін Байзақ ауданының әкімі Рахматілдә Рахманбедиев пен Жуалы ауданының әкімі Бақтияр Көпбосынов Байзақ баба және Батыр Бауыржан төсбелгілерімен марапаттады. Осы жолғы санымызда ауыл экспедициясында куә болған тың жаңалықтар мен бағдарлы бастамалар жайлы оқырман қауымды хабардар еткенді жөн санадық.
Экспедицияның таңдай қақтырғаны
Қордайлық оқушылар робот жасауда
Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Цифрлық Қазақстан» жобасын одан әрі дамытып, барлық орта білім беру мекемелерінің базасын Назарбаев зияткерлік мектебінің оқыту жүйесіне негіздеуді міндеттегені белгілі. Осыған орай, бүгінде бұл бағытта Жамбыл облысында аз жұмыстар атқарылып жатқан жоқ. Әсіресе, Қордай ауданында ауқымды істер алға басуда.
Аудан әкімі Болатбек Байтөленің айтуынша, қазіргі таңда елді мекендегі 48 мектептің 18-де роботехника бөлмелері ашылыпты. Сондай-ақ, екі ІТ сыныбы құрылып, жастарға жаңа технологиялармен тәлім берілуде екен.
— Жолдау жүктеген міндеттен кейін, 18 мектептен роботехника бөлмелерін ашып, аудан орталығы мен Қарасай ауылынан ІТ сыныптарын құрдық. Мұндағы мақсат жастарға жаңа технологиялардің тілін білуге