Қызылжар – еліміздің солтүстік қақпасы

Толағай тарихы бар қала Петропавл — автомобиль, әуе және теміржолдарының ірі торабы. Батыс Сібір ойпатының оңтүстік батысындағы Есіл жазығының орманды-дала белдемінде, Есіл өзенінің оң жағасындағы «Қызылжар» деп аталатын ежелгі қазақ қонысының орнында орналасқан. Сондықтан Петропавл қаласын жергілікті тұрғындар баяғыдан бері Қызылжар деп атайды.

DSC_0452
 Облыс әкімі Е.Сұлтанов

Қаланың іргесі 1752 жылы патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатына сәйкес Петр І-нің әскери бекінісі ретінде қаланған. Алғашында әскери форпост, кейін- нен сібір татарларының (түркілердің) қаласы атанып, Ресейдің Солтүстік және Орталық Қазақстанды отарлау кезіндегі негізгі тірек пунктіне айналды. 1838 жылы Есіл округінің, 1868 жылы Ақмола облысының құрамына еніп, уездік қала рөлін атқарды. 1868 жылдан кейін Петропавл Сібір мен Түркістан сауда жолының бойында орналасуына байланысты Ресей мен Орта Азия хандықтарының және қазақ даласы арасындағы сауда қатынасының ірі орталығы болды. Мұндай ірі сауда орталығына айналуына Абылай ханның Орынбор және Сібір губернатор- ларынан Қызылжарда (қазіргі Петропавл қаласында) ірі сауда орталығын ашуға рұқсат алуы игі әсер етті. Петропавлдағы сауда айналымы жылдан-жылға ұлғая түсті және орыс көпестері мен Орта жүз қазақтары арасында сауда-саттық дамыды. ХҮІІІ ғасырдың соңында шағын елді мекеннен (форштадт) ірі сауда орталығына айналды. Патша өкіметі Петропавлда сауданың да- муына көмек беріп, онда қалалық Қоғамдық банк ашты (1871). Кейін ол Мемлекеттік банк болды (1880). 1849 жылы 7 май, 7 былғары, 4 сабын, 17 кірпіш зауыты, диірмендер т.б. кәсіпорындар жұмыс істеді. 1912 жылы мұнда 600-ге жуық сауда мекемесі қызмет көрсетті. Қаланың одан әрі дамуына Транссібір темір жолының салынуы барынша жағдай жасады. Егер ХІХ ғасырда қала сауда және әкімшілік пункт ретінде дамыса, ХХ ғасырдың басында ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптің басты орталықтарының бірі болды. Осы жылдары Ресейден жер аударылған шаруалар келіп қоныстана бастады. Олардың басым бөлігі қалаға көшіп келіп, жұмыс күшін көбейтті. Қалада қолөнер мен майда кәсіпкерлік дамы- ды. Қаланың экономикасына 1-дүниежүзілік соғыс пен Азамат соғысы кері ықпалын тигізді. Қала 1932-36 жылдары Қарағанды қаласының құрылысын басқаратын және ірі теміржол торабын салудағы негізгі орталыққа айналды. 1932 жылы «Казстройматериал» кірпіш зауыты іске қосылды. Механикалық за- уыт қайта жөндеуден өтті. Нәтижесінде қала кәсіпорындарының қатары өсіп, жұмысшылар саны 13 есеге ұлғайды. 2-дүниежүзілік соғыс алдында Петропавлда коммуналдық және электр көлігі шаруашылықтары қалыптасты. Осы жылдары КСРО-ның батыс аудандарынан көшірілген 20-ға жуық зауыт, фабрикалар қала эконо- микасын біршама көтерді. Соғыстан кейін қала жедел дами бастады. Әсіресе тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде көптеген кәсіпорындар салынып, қаланың әлеуметтік-экономикалық, білім беру және мәдени-ағарту саласы қарқынды дамыды.

Өткен ғасырдың 90-жылдары нарықтық экономикаға өтуге байланысты Петропавл қаласындағы ірі өнеркәсіп орын- дары өз жұмыстарын біршама баяулат- ты. Шаруашылық байланыстар үзіліп, кәсіпорындардың жұмысы тоқтай бастады. Тек 90-жылдардың соңынан бастап ел экономикасымен бірге Петропавл қаласының да экономикасы біршама жақсарды.

Сөйтіп, атауын өзгерте алмай келе жатқан Петропавл қаласы Кеңес Одағы кезінде ең алғаш рет 1921 жылы Ақмола губерниясының, 1928 жылы Петропавл округінің, 1932 жылы Қарағанды облысының орталығы болды. 1936 жылғы 29 шілдеден бері Солтүстік Қазақстан облысының орталығы. Бүгінгі күні алыс-жақын шетелдермен байланысын нығайтып келе жатқан облыс орталығы Ре- сей Федерациясының Омбы, Челябі, Ново- сібір, Екатеринбург, Германияның Ганновер қалаларымен бауырлас.

Ірі өндіріс орталықтары

Петропавл қаласы әкімі Марат Тасмағанбетов
Петропавл қаласының әкімі М.Тасмағанбетов

Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетовтің айтуына қарағанда, елді мекен 221,6 шаршы шақырым аумақты алып жатыр, ол облыс аумағының 0,2 пайызы. Үстіміздегі жылғы 1 мамырдағы статистикалық мәлімет бойынша ірі өндіріс ошағында 217364 адам түтін түтетуде, ол облыс халқының 38,2 пайызы, тұрғындардың 27,6 пайызын қазақтар құрайды. Аталмыш облыс орталығында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» құрамында мұнай-газ, энергетика салаларына құрал-жабдықтар жасайтын «ПАМЖЗ», «Мұнаймаш», төрт түрлі жүк вагонын шығаратын «ЗИКСТО», теміржол автоматикасына, телемеханикасына және байланысқа қажетті аспаптар мен құрылғылар дайындайтын «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ-лары, «Жылдам тұрғызылатын ғимараттар мен имараттар зауыты», «Петропавл құбыр зауыты», «Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС-лары сияқты ірі өндіріс орындары жұмыс істейді. Жалпы еліміз сияқты петропавлдықтар да «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бағытында мақсатты жұмыстар атқаруда. Мысалы, өнеркәсіп саласы бойынша үстіміздегі жылғы төрт айда өндірілген өнім көлемі 38 млрд. теңге болды, жеке ин- декс көлемі — 100,8 пайыз. Өнеркәсіп өндірісі көлемінің 56 пайызын ұқсату кәсіпорындары иеленеді. Олар 21,3 млрд. теңгенің өнімін шығарды. Азық-түлік тағамдарының өндірісі 11,5 млрд. теңге болды. Машина жасау кеше- ні 5885,8 млн. теңгенің өнімін өндірді. Осы кезеңде негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 8,4 млрд. теңгені құрады.

110

Өткен жылы пайдалануға берілген инновациялық жобалардың ішінде «Алаугаз СК» ЖШС-нің керамикалық кірпіш зауыты, «Радуга» ЖШС-нің жүгері таяқшалары мен құрғақ таңғы ас өндірісі, «ҚазТехМаш» ЖШС-нің ауыл шаруашылығы, тасымал және коммуналдық техникалар құрастыратын кәсіпорны ерекше орын алады.

Индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығының Индустрияландыру картасына 871 жаңа жұмыс орнын ашатын 14 жоба енгізілген. Жыл басынан бері «Торго- вый дом Богатырский продукт» ЖШС 490 млн. теңгенің астықты тереңдетіп өңдейтін диірмен кешенін, «Soltustik Rubber Recycling» ЖШС тозған автомобиль шиналары мен резеңке материалдарын өңдеу арқылы бұйымдар жасайтын, «СПМК-4» ЖШС энергетикалық жабдықтар өндіретін құрылыс кешенін іске қосты.

Биылғы екінші жартыжылдықта «Са-про-НАТ» ЖШС «Автономды жылумен жабдықтауға инновациялық технологияны енгізу», «Бурчак» ЖШС «Нан-тоқаш өнімдері өндірісін кеңейту», «РимКазАгро» ЖШС ин- вестиция көлемі 1124 млн. теңгенің «Жыл- дам әзірленетін салма, ботқа, сорпа, картоп пюресін өндіру цехын іске қосу», «Грибной мир» ЖШС «Шампиньондар өсіру және өңдеу жөніндегі зауыт құрылысы» жобаларын жүзеге асыруды, сол арқылы 232 жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлауда.

Жол құрылысы саласында инновациялық материалдар өндіру, кондитерлік бұйымдар шығаратын зауыт салу, таблет- калы дезинфекциялық құралдар шығару, мұздатылған және мұздатылмаған ет пен жемістің жартылай өнімдерін өндіретін фабриканы, майлы дақылдарды өңдейтін за- уытты іске қосу сияқты сомасы 4,7 млрд. теңгенің 6 жобасы 2017 жылға межеленген.

Кәсіпкерлік субъектілер көп

 Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша қалада 22741 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда олардың саны 5,2 пайызға көбейген. Бизнес өкілдері құрылыс нысандарын салуға, инфрақұрылымдарды жөндеу бағдарламаларына, облыс орталығын абаттандыруға, қоғамдық тамақтандыру жүйелерін, сауда, демалыс қызметтерін жақсартуға белсене қатысады.

Үстіміздегі жылғы қаңтар-сәуір айларында облыс әкімдігі жанындағы Өңірлік үйлестіру кеңесі «Бизнестің жол картасы — 2020» бірыңғай бағдарламасы аясында жалпы кредит сомасы 1,65 млрд. теңгенің 24 жобасын мақұлдады. Соның арқасында 15 жобаның 1,44 млрд. теңгелік кредитінің пайыздық ставкасы демеу қаржыландырылды, 7 жобаның кредитіне кепілдік берілді. Аталмыш жобалардың 16-сы өндіріс орындарын жаңғыртуға ж ә не кеңейтуге, 3 жоба азық-түлік өнімдерін өндіруге, 2 жоба электроқшаулау материалдарын, антифриз шығаруға, 2 жоба «Қызылжар» қонақүйін жаңғыртуға, 2 жоба мемлекеттік- жекеменшік серіктестік бойынша балабақша салуға, 1 жоба жүк көлігі қызметіне, 2 жоба халыққа қызмет көрсетуге, 1 жоба полиэти- леннен пластмасса бұйымдары мен пакеттер шығаратын жабдықтар сатып алуға, 1 жоба мәдени-сауықтыру кешені құрылысына, 1 жоба балалар киімі өндірісінің айналым қаражатын толықтыруға, 4 жоба негізгі құрал-жабдықтар сатып алуға бағытталады.

Жыл басынан бері шағын және орта бизнесті дамыту үшін 121 сәулеткерлік-жобалау тапсырысы берілді, оның ішінде жаңа құрылысқа — 82, қайта жобалауға — 30, күрделі жөндеуге — 9. Осы кезеңде жеке кәсіпкерлермен жалпы сомасы 3,3 млн. теңгенің мүліктік жалдауына 73 келісімшарт жасалды.

Қалада 1170 дүкен (оның 630-ы азық-түлік дүкені, 26-сы сауда үйі, 14-і супермаркет,   2-уі гипермаркет) 16 базар сауда қызметімен, 328 нысан қоғамдық тамақтандырумен айналысады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тағамдарының (33 атау), жанар-жағармайдың бағалары мен валюта бағамына күн сайын мо- ниторинг жүргізіледі. Облыс орталығындағы «Алтын арман», «Дария», «Коммуналдық» және «Солтүстік» базарлары мен «Корона» сауда үйінде сенбі сайын өткізілетін ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі азық-түлік тағамдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, бағаларды тұрақтандыруға жағдай жасайды. 2016 жылғы қаңтар-мамыр айларында 13 ауданның және Петропавл қаласындағы ұқсату кәсіпорындарының қатысуымен 102 жәрмеңке өткізіліп, 128,7 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы тауарлары сатылды.

Осы кезеңде ауыл шаруашылығының жеке индекс көлемі 100,7 пайызды құрап, сомасы 441,7 млн. теңгенің өнімі өндірілді. 2016 жылғы қаңтар-наурыз айларында бір қызметкерге орташа айлық нақты еңбекақы төлеу (кәсіпкерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қоспағанда) 103948 теңге болды және өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 14 пайызға өсті.

Құрылыс қарқынды жүріп жатыр

6fd25b89985328a2f4a07c81b06e6ca9Соңғы жылдары облыс орталығында Президенттің Зияткерлік мектебі, мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы, Александр Винокуров атында жабық мұз айдыны бар Спорт сарайы, «Еуропа» қонақүй-мейрамхана кешені, «Green Park» элиталы отбасылық парк-отелі, «Green Which» қонақүйі пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта «Hilton» сауда-қонақүй кешені, «Restoration» қонақүй-мейрамхана кешені салынуда. «Береке», «Өркен» шағынаудандарында, Ж.Қизатов, Орал көшелерінде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Үстіміздегі жылы тұрғындар қаражаты есе- бінен 60 баспана тұрғызылды, 75 жас отбасы қоныс тойын тойлады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 23,1 пайызға көп. Биыл бюджет қаражаты есебінен 501 пәтерлік 6 тұрғын үйді, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қаражаты есебінен 273 пәтерлік 3 тұрғын үйді, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ қаражаты есебі- нен 354 пәтерлік 4 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

— Петропавл қаласындағы көше жолдарының жалпы ұзындығы 366 шақырымды құрайды. Оның 20 шақырымын биыл жөндеуден өткізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін 1 млрд. 438 млн. теңге қаражат бөлінді. Бұл былтырғы қарастырылған бюджет қаржысымен тең. Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың бастамасымен жол құрылысына жаңа технологиялар қолданылуда. Қазіргі кезде Абай, М.Әуезов, Труд, Уәлиханов көшелерінде асфальт төсеу жұмыстары атқарылуда. Биыл қаламыздың 25 көшесі қалпына келтіріліп, 68-не қиыршық тас төселетін болады. Үстіміздегі жылы атқарушы биліктің есепті кездесуле- рін әзірлеу және өткізу кезінде жергілікті тұрғындардан 438 ұсыныс пен ескерту түсті. Проблемалардың өзектілігі мен бюджеттің мүмкіндігін негізге ала отырып, олардың 258-н қаланың Шаралар жоспарына енгіздік. Бүгінгі күнге дейін 258 ұсыныстың 63-і немесе 25 пайызы орындалды. Қалған аманаттарды орындау жалғасуда. Жаз бен күз айларын- да тұрғын үйлердің ауласындағы 33 спорт, ойын, балалар алаңдарын абаттандыру, 23 тапсырыс бойынша аулаішілік кіреберіс жол- дарды жөндеу, аялдама павильондарын орнату, көше жолдарын жөндеу сияқты өзекті жұмыстарды атқаруға тиіспіз, — дейді Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетов.

image

Марат Иманбайұлының айтуынша, Петропавл қаласының әуежайын жаңғырту, яғни ұшу-қону жолағын кеңейту және ұзарту, оларға жарық дабылдары жабдықтарын орнату, жолаушылар терминалын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары биыл аяқталмақ. Бескөл ауылынан Петропавл қаласына дей- інгі кең жолақты асфальт жолды жаңғырту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде.

Бәрі де адамдар үшін

019Қалалық әкімдіктің мәліметі бойынша, еңбеккерлердің мүддесін қорғау үшін 2016 жылғы 1 мамырға дейін 1017 кәсіпорында ұжымдық келісімшарт жасалып, 80 меморандумға қол қойылды. Жыл басынан бері 176 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, 1462 отбасыға тұрғын үй жәрдемі төленді. Ұлы Отан соғысының 28 ардагері мен мүгедегіне тіс салғызуға, 44 майдангерге санаторлық-курорттық емделуге қаржылай көмек берілді. Облыс орталығында 48 білім беру мекеме- сі жұмыс істейді, оның 2-уі — бастауыш, 2-уі — негізгі, 31-і — орта, 5-уі — облыстық мек- теп-интернат, 3-уі — түзету, 1-уі — кешкі, 2-уі — мемлекеттік емес, 1-уі — ЖОО мен коллед- жде. Оларда 20951 оқушы білім-тәрбие ала- ды. Мектепке дейінгі мекеменің саны — 61, олардың 33-і — балабақша, 27-сі — шағын орталық, 1-уі — мектеп-балабақша. Бір жа- стан алты жасқа дейінгі балаларды қамту 57,1, үш жастан алты жасқа дейінгілерді қамту 87,9 пайызды құрайды. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, ҚР ІІМ-нің Петропавл әскери институты жоғары, 7 кол- ледж орта арнайы білім береді. Петропавлда 22 денсаулық сақтау мекемесі, 415 спорт нысаны бар. Жыл басынан беріDSC_8985 70-тен астам бұқаралық спорттық шара өтті. Оған он мыңнан астам адам қатысты. Б о л а ш а қ ұрпақты дене тәрбиесі с а б а қ т а р ы н а тарту үшін 12 балалар мен жасөспірімдер м е к т е б і , ш ы ғ ы с жекпе-жегі бойынша қоғамдық бірлестіктер жұмыс істейді. Олардың үшеуі Олимпиадалық резерв мәртебесіне ие. Қала бойынша 9 көше тренажеры орнатылған. Сондай жиынтық саябақтар мен «Қарасай» стадионында да бар. Мәдениет саласында 16 мемлекеттік ұйым жұмыс істейді, атап айтқанда, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театры, Н.Погодин атындағы орыс драма театры, қуыршақ театры, 3 мұражай, филормония, 6 кітапхана, клуб үлгісінде 2 мекеме, 1 концерттік ұйым, 1 кино мекемесі.

DSC_0374-100Жыл басынан бері олар 165 мәдени шара өткізді. Мысалы, таяуда облыс орталығында «Бірлік қайырымдылық арқылы» ұранымен өткен тамаша бір кештің куәсі болдық. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпыұлттық «Қайырымдылық керуені» атты акциясы аясында ұйымдастырылды. Қайырымдылық балына қатысқандарды өңір басшысы атынан қала әкімі Марат Тасмағанбетов құттықтап, өз үлесін қосып жатқан азаматтарға алғыс білдірді. Қайырымдылық балында ұйымдастырылған аукционға жергілікті шеберлердің, суретшілердің туындыларымен қатар, жерлесіміз, олимпиада жеңімпазы Александр Винокуровтың жейдесі, Еуропа чемпионы Жанат Жақияновтың бокс қолғабы — барлығы 27 зат қойылды. Аталмыш шарада жиналған сома толығымен мұқтаж балалардың еміне жұмсалады. Облыстық қонақүйлер мен мейрамханалар қауымдастығының ұйымдастыруымен әсем де жасыл қала Петропавлда алғаш рет «Сүйікті қалам» экологиялық марафоны басталды. Игілікті шараға қатысушылар қаланың демалыс орындарын тазартуды мақсат етіп отыр. Ең көп қоқыс жинағандар үшін бағалы сыйлықтар дайындалған. Марафонның алғашқы кезеңі «Солтүстік жұлдызы» саябағы мен қалалық жағажай орналасқан Пестрое көлінің маңында өтті. Бұл шараға жиналғандардың барлығы ғаламтордың белсенді пайдаланушылары, яғни жастар. Ұйымдастырушылар марафон жайындағы ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы таратып, сүйікті қаланың кейпіне бейжай қарамайтын 50-ден астам адамның жауабын алды. Аталмыш шара қала мен оның аумағын тазартудан басқа жергілікті тұрғындарды ортақ іске жұмылдыруды және тазалықты сақтауға үндеуді мақсат етеді. Марафон жеңімпаздарына ынталандыру ретінде бірінші орынға велосипед, екінші орынға «Парк отель Пестрое» демалыс орнына екі жолдама мен үшінші орынға қаланың ең көрікті мейрамханасында қонақ болуға сертификат беріледі.

Екі қап қоқыс жинап, таразыға бәрінен бұрын жеткен Ерлік Мұхаметжанов: — Тазалық жинаған жерде емес, шашпаған жерде болады. Бұл — марафонға қатысушылардың ұраны. Біз тұрғындардың барлығын сүйікті қаламызды көркейтуге шақырамыз. Ұйымдастырушылардың көздегені де осы, — дейді.

Нұрсайын Шәріп