АТЫРАУ ТАЗА ҚАЛАҒА АЙНАЛАДЫ
Қазіргі уақытта 120 жаңа қоқыс жәшіктері қалаға әкелініп, орнатуға дайындалуда. Осылайша, облыс орталығында ғана емес, қала маңындағы ауылдық округтерде де шашылған қоқыс алаңдарын болдырмау мәселесі шешілетін болады.
«Арнаулы автобаза» ЖШС басшылығының айтуынша, қазіргі уақытта қалада 700 алаңда 3600 қоқыс жәшіктері орнатылған. Күн сайын қоқыс полигонына екі ауысымда 300 тоннаға дейін қоқыс тасылады.
— Атырау қаласының әкімдігі 222 жаңа еуро стандартты қоқыс жәшіктерін сатып алды, бүгін олардың 120-ы қалаға әкелінді және орнатуға дайындық жүріп жатыр, ал қалған 102 жәшік осы аптаның соңына дейін қабылданады. Біз оларды облыс орталығының орталық көшелерінде орнатуды жоспарлап отырмыз. Ескі қоқыс жәшіктері жөнделіп, қала маңындағы ауылдық округтерге орнатылды, — деп мәлімдеді «Арнаулы автобаза» ЖШС директоры Алмас Ізтілеуов.
Атырау қаласын санитарлық тазалаумен айналысатын кәсіпорын «Арнаулы автобаза» ЖШС-де 280 қызметкер жұмыс жасайды және теңгерімде 150 арнайы техника бар, оның 50-і қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаумен және шығарумен айналысады.
Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі