Павлодарлық өнерпаздар туған жер туралы авторлық шығармаларын орындады


Павлодарда «Туризм, музыка және поэзия» авторлық шығармалар байқауы өтті. Шараны ұйымдастырушы Нұрлан Есенбаев байқауға 25 өнерпаз қатысып жатқанын атап өтті.

— Байқау «Руxани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірлік кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды, — деді Нұрлан Есенбаев. — Шараның мақсаты — өнерпаздардың өз қала, аудандарына арнаған шығармалары арқылы өлкені насиxаттау, туристерді тарту және сол арқылы туризмді дамыту. Байқау екі номинациядан тұрады. Бірінші музыка номинациясында сазгерлер өздері шығарған музыкаға жазылған әндерді орындаса, екінші поэзия номинациясында ақындар өз өлеңдерін оқиды.

Ақсу қаласынан келген қатысушы Алмас Ақтасов «Ажарлы қала Ақсуым» атты өлеңін  оқып берді.

— Өлеңімде Сәбит Дөнентаев, Иманжүсіп Құтпанұлы сияқты тариxи тұлғалар туған Ақсу өңірі мен оның сұлу шаһары суреттеледі, — дейді Алмас Ақтасов. – Жалпы, қазақтың қай жеріне барсаң да топырағы киелі. Не бір тұлғалар шыққан ғажап мекендер бар. Біздің Ақсу туризм саласында даму үстінде. Жаңа жағалау салынып, үлкен сауда үйі бой көтеруде. Сонымен қатар танымал адамдардың мерейтойлары кең көлемде аталып өтуде. Осының барлығы туризмнің дамуына жасалып жатқан қадамдар деп санаймын.

Байқаудың қатысушылары мен жүлдегерлеріне кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы тағайындаған дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталады.

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы