7 мыңға жуық Атырау тұрғыны медициналық ұйымды таңдау құқығын пайдаланды

Қазақстанда тұрғындарды жыл сайынғы емханаға тіркеу науқаны аяқталды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте Атырау облысының АҚ «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалының директоры Байтолла Ғазизов хабарлады. Спикердің айтуынша, биылғы жылы қатысушылардың көпшілігі жеке меншік медициналық ұйымдарды таңдаған.

— Атырау облысында тіркелген халық тіркелімінде 627 258 тұрғын тіркелді, оның ішінде 6 мың 592 адам жеке меншік медициналық ұйымдарды таңдаған. Атырау тұрғындары жылына бір рет емхана ауыстыруға, медициналық сақтандыру қызметімен келісімшарты аяқталса, немесе керісінше тұрғылықты жері бойынша медициналық сақтандырудың федералдық қызметі бар жаңа клиника болған жағдайда, белгілі бір клиникаға ерікті таңдау құқығымен қосылуы мүмкін,- дейді Байтолла Ғазизов.

Спикердің айтуынша, алдағы уақытта емхананың тіркеу бөлімдері арқылы тіркелу тоқтатылады, бұл жүйелі проблемаларды жойып, қызметін асыра пайдалану мен фальсификация фактілерінің алдын алу мақсатында қажетті шара болмақ.

— Бұған ешқандай алаңдаудың қажеті жоқ. Біріншіден, тіркелу үшін келген азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталалықтарының қызметіне жүгіне алады. Аталған орталықта Connection Point бөлімшелері бар, олар egov.kz порталына қосылған. Сол жерде арнайы кеңесшілер отырады. Екіншіден, Egov.kz жуырда Telegram-ботын іске қосты. Үшіншіден, қазір өзіңізді ғана емес, балаларды да онлайн режимде тіркеуге мүмкіндік туды.Бұл процесті жеңілдетеді әрі артық құжат талап етілмейді, — деп түсіндірді Байтолла Ғазизов.

Айта кетейік, биылғы жылы Атырау облысында 19 медициналық ұйымы , оның ішінде 1-і алғаш рет қатысқан. Қосылатын барлық клиникалардың тізімі «Клиниканы таңдау» бөлімінде https://fms.kz Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтынан алуға болады.

                     

  Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі