Отандық өнім орға жықпайды
«Ақтауполимер» зауыты — Маңғыстаудағы тасы өрге домалаған кәсіпорынның бірі. 2011 жылы ашылған зауыттан диаметрі 75-тен 800 миллиметрге дейін полиэтиленді құбырлар шығады. Дайын өнім негізінен елдегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында қолданылады. Бүгінде зауыттан күніне 2000 дана бұйым жасалып, «Ақ бұлақ» бағдарламасының кәдесіне жарап отыр. Бұдан бөлек зауыттың оқшауланған құбырлар жасайтын цехы да бар. Өндіріс ошағы толықтай инновацияланып, Ресей мен Еуропаның озық технологиясымен жабдықталған.
Кәсіпорында 50-ге тарта жұмысшы бар. Солардың бірі Мұхтар Жанкесиев:
— Жұмыс жалпы жақсы, өзіме ұнайды. Бәрі автоматтандырылған мұнда. Ауыр еш жұмыс жоқ. Өнім көлемі түспесе біздерге жақсы. Өнім қабылдап отырамыз, — дейді.
— Зауыт басшылығының ұстанымы — дағдарыста күйзелмей, бәсекеге қабілетті өнім шығаруды тоқтатпау. Зауытқа ши- кізат Біріккен Араб Әмірлігінен әкелінеді. Сұраныс бар болғандықтан, тапсырысты мерзімінен кешікпей орындауға тырысамыз. Зауыт 2011 жылдан бері жұмыс жасап келе жатыр. Жұмысшыларымыз орнында толықтай жұмыс жасайды. Айлықтарын уақытында беріп тұрмыз. Алдағы уақытта да адам қысқартпай, жоспарлы түрде жұмыс жүргіземіз деп сенімді түрде айта аламын, — дейді «Ақтауполимер» ЖШС директоры Нұрлыбек Сыражанов.
Маңғыстаудан шығатын отандық өнімнің тағы бірін «Индустриялды құрылыс комби- наты» жасайды. Құрылыс саласына қажетті өнім шығаратын комбинат заманауи техни- калармен жабдықталған. Үй көтеру ісіне не- гізделген кәсіпорын ірі панельдер, қабырға тастарды, дуалдар мен темір бетондарды дайындайды. Өндіріс орнында күніне 120 метрлі 80 плита шығады. Комбинаттың жылдық қуаты: 100 мың шаршы метрлі өнім.
— Жасап жатқан өнімдерімізге қуанамыз. Үйлерге қарап қуанамыз. Осының бәрі ұжымның арқасы, жұмысшылардың арқасы, бәріміздің еңбегіміз. Табыс, бәрі жақсы, — дейді индустриялды құрылыс комбинатының қалыпқа құю шебері Асылбек Дәукенов.
— Комбинаттан 30-ға жуық тас бұйымы шығарылады. Алуан істің басында 80 маман тұр. Ал шикізат толығымен Маңғыстаудан, өнімге қажетті құм Баянды ауылынан, қиыршық тас пен цемент Шетпе кентінен әкелінеді. Тек темірді ғана Ресейден аламыз. Қазіргі таңда Маңғыстау облысындағы ірі-ірі компаниялармен жұмыс жасап отырмыз. Біз олардың талаптарына сай сапамыз жақсы болғаннан кейін солардың бұйымдарын қамтамасыз етіп отырмыз. Ол үшін бізде арнайы мамандар бар. Күндегі құйылған бұйымдардың сапасын бақылап отырады, — дейді индустриялды құрылыс комбинатының бас инженері Алмас Наушабаев.
Комбинатта дайын болған өнімге «Қазақстанда жасалған» деген белгі соғылып, құрылыс дүкендері мен тапсырыс берушілерге жөнелтіледі.
______________________________________________________________________
«Тұман-Шахтың» жұмыртқалары-ай!
Маңғыстау облысында құс шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бүгінде Мұнайлы ауданындағы «Тұман-Шах» құс фермасы — Маңғыстау облысында құс шаруашылығымен айналысатын жалғыз серіктестік. 2014 жылы ашылған фермада бүгінде 14 000 тауық бар. Шағын серіктестік айына 360 000 мың дана жұмыртқа шығарып, облыстың 35 пайызын экологиялық таза отандық өніммен қамтып отыр.
— Қолға алған ісіміз алға жылжып жатса, облыстың жұмыртқаға деген сұранысының 90 пайызын қамтамасыз етеміз. 2014 жылы Ресейден 16 000 мың 50 грамдық балапан алдық. Соны 3-4 ай бақтық. Қазір олар жұмыртқа беріп жатыр. Сапасы жақсы. Халыққа қолжетімді бағамен сатып жатырмыз. Осы кәсіпті бастағаныма еш өкінбеймін, — дейді ферма басшысы Райымқұл Бөрібасов.
Фермада 11 адам жұмыс жасайды. Олардың бірі тауықтың жемін берсе, екіншісі тазалыққа жауапты. Солардың бірі Аққали Абдулла:
— Цехта тауықтарға су беремін, жұмыртқасын жинаймын. Жемін беремін. Жұмыс жақсы. Айлық уақытылы, — дейді.
— Құс шаруашылығының машақаты мол. Тауықтарға күніне 10 түрлі қоспада арнайы жем әзірленеді. Мысалы, балық ұны, соя, тұз, бақалшақ, тіпті сұйық майға дейін қосылады. Құстарға осындай баппен қараса ғана олар жақсы жұмыртқа береді. Нарыққа бір жылдан бері 37-38 пайызға кірдік. Келе- шекте 80-90 пайыз нарықты алуға көздеп отырмыз. Бағасын қазір 20,2 теңгеде сатып жатырмыз. Сол кездегі сұранысқа байланысты, цехтың өсуіне бай- ланысты жұмыртқа арзан болады деп ойлаймын. Халыққа қолжетімді баға болады деген үміттемін, — дейді ферма басшысының орынбасары Қуандық Бөрібасов. Тордағы құстардың кейбірі етке өткізіледі. Осылайша фермадағы тауықтардың қатары жас бала- пандармен толығып отырады. Жұмыртқа өндірісі бәсеңдемеуі керек. Себебі сапалы өнімге сұраныс күн сайын артып келеді.
— Басынан бастап жұмыс жасап келе жатырмын. Өзімнің мамандығым — бригадир. Таңертең келіп, тамағын береміз. Күніне үш мезгіл тамағы бар. Жұмысыма еш өкінбеймін. Осы жер- де жұмыс жасайтын алты адамға жауаптымын, — дейді ферма жұмысшысы Жаңаш Мәулембай.
— Фермадағы тауықтар Ресейдің Свердловск жерінен әкелінген. Салмағы екі келіден асатын тауықтардың негізгі ерекшелігі жұмыртқалағыштығында. Бұл кәсіпті бала күннен армандап едім, бүгінде цехым бар, ендігі мақсатым — осы істің қанат жаюына жұмыс жасау. Негізі, үйде тауық бағатын едік. Маңғыстауға келген- де тауық баққаным соның әсері болу керек. Ең бастысы Елбасының ауыл шаруашылығын дамытуға жақсы жағдай жасағанына ризамын. Елбасына, Маңғыстау облысының әкімшілігіне көп рақмет! Қолдап, көмектесіп жатыр, — дейді Р.Бөрібасов. Кәсібінен нәсібін тапқан ферма басшысы жақында тағы үш тауық цехын ашуды көздейді. Қазір алдына қойған жоспары да дайын.
_______________________________________________________________________________
Резеңкелерін өзге өңірлерге сатпақ
Маңғыстау облысында резеңке төсеуіштер жасайтын цехтың жұмысы қарқынды. Өндіріс орны «Даму» қоры арқылы өз ісін дөңгелетіп отыр. Резеңкелі плиткалардың жасалу жолы қарапайым. Жа- рамсыз автокөлік шиналарын үгітіп, оған же- лім мен түрлі-түсті бояу қосады. Дайын өнім көбінесе спорттық алаңдар мен балалардың ойын алаңшасына төселеді. Плиткалардың артықшылығы — адам құлаған жағдайда жарақат алмайтындығында. Соны- мен қатар, соққыдан жарылмайды және тайғанамайды. Қыста -40 градус суыққа төзсе, жазда +65 градус ыстыққа жарамды.
— Машиналардың дөңгелектерінің қалдықтарынан жасалады. Бұл жерде біз тек плитка емес, сонымен қатар, газон сияқты қылып жасай аламыз. Құлағанда таймайды, жарақат алмайды, — дейді цех шебері Ғабит Жайлаубаев.
— Цех күніне көлемі 40 шаршы метр өнім шығарады. Маңғыстаудан шығатын отандық өнім көшеге төселсе, оның жарамдылығы — 10 жыл, ал ғимарат ішіндегі жарамдылығы — 20 жыл, — дейді жарнама менеджері Ақмарал Өкпеғазиева.
— Бағасы әртүрлі. Неге десеңіз, плитканың қалың және жұқа түрі бар. Ең қалыңы 40 мм, орташасы 35 мм, ең жұқасы 16 мм. Тапсырыс берушілер көп. Барлық тапсырысты уақытылы орындауға тырысамыз. Шикізат көрші Ресей елінен алынады. Жұмыс орнында 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Солардың бірі бас маман Нұрлан Мұсаев:
— Шикізатты алып, ұнтақты майдалайтын құрылғыға саламыз. Сосын оған әртүрлі түс пен клей қосып, араластырамыз. Одан кей- ін оны шығарып, пресске саламыз. Сосын кептіреміз. Жобамен 4-6 сағат аралығында дайындалады. Жұмыс таңертең 8:00-де басталады, бір айда жобамен 4000-5000 квадрат жасаймыз. 2 тапсырысты өткіздік, — дейді.
— Дайын өнім міндетті сапа тексеруінен өтіп, тапсырыс берушілерге жеткізіледі. Жылына 6 000 м2 резеңке плиталар шығару жоспарланып отыр, — дейді цех директоры Анар Ержаханова.
— Қазақстан бойынша резеңке плита- лар шығарумен үш компания айналысады. Солардың бірі — біздің компания. Айта кетсем, қазіргі уақытта Маңғыстау облысында мұндай жоба жоқ. Бізді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қолдады. Ал мемлекет қажетті соманың 14 пайызының 10 пайызын өзі төлеп отыр. Біздер 4 пайы- зын ғана төлейміз. Бүгінгі күнде екі тапсырысты жасап бітірдік. Қазір балалар ойын-сауық кешеніне арналған төсеуіштерді жасап жатырмыз. Бизнеске бірінші рет беттегендер «стар- тап» жобасы арқылы «Даму» қорынан суб- сидия алады. Маңғыстау облысында осы бағдарлама аясында 12 кәсіпкер аяққа тұрды. Олардың ішінде резеңке төсеуіштер жасайтын цех та бар. Оларға 120 млн. теңгенің үстінде жәрдем көрсетілген. Қаражат бірнеше салаға құйылған. Олардың ішінде өндірісте 3 жоба, білім са- ласында 5, денсаулық сақтау бағытында 1, транспорттық-логистика саласында 1 жоба және өнер мен демалыс орны бойынша 1 жоба мақұлданған болатын, — дейді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Маңғыстау облыстық филиалының құзіреттілікті арттыру бағдарламалары бойынша бас менеджер Жанар Ермаханбетова.
— Біз өз ісін бастап жатқан барлық кәсіпкерлерге көмектесеміз. Ең бірінші кеңес береміз. Жоба комиссия шешімімен мақұлданып жатса, онда арнайы сома бөлініп, кәсіпкер өз ісін жүргізеді. Маңғыстау облысында бірыңғай бағдарламаның жүзеге асырылуының бастапқы кезеңінде өңірлік үйлестіру кеңесімен сыйақы мөлшерлемесімен қаражаттандыру бойын- ша сомасы 42,5 млрд. теңге көлемінде 215 жоба мақұлданды. «Даму» қорымен кепіл- дендіру құралы бойынша бағдарламаның жүзеге асырылуы кезеңінде сомасы 3,0 млрд. теңге болатын 72 жоба қолдауға ие болды, — дейді Ж. Ермаханбетова. Маңғыстау облысындағы баламасы жоқ жоба енді өз өнімін республиканың өзге өңірлеріне де сатылымға шығаруды көздейді.
Айман Оңғарбайқызы