«МЕН – ЧЕМПИОН»  

       Бурабай курорттық аймағында тұңғыш рет «Мен — чемпион» балалар спорттық ойыны өтті.  Жарысқа Қазақстан, Ресей, Өзбекстан спортшылары қатысып, ойын халықаралық денгейде өтті. Жарыс ережесі бойынша командалар бiр-бiрiмен эстафеталық жүйемен қатар, жылдамдық, ептілік , айла жарыстырып, ұпай есебімен жеңімпаздар анықталды. Құрамалар арасындағы тартыстар қызықты өтуімен қатар, ұйымдастыру шеберліктері ұштасқандары жеіңске жетіп жатты. Әрине, білегімен, шыдам,айласы күштілері, осалдарының олқылықтарын толтырп кетіп жатқан кездерде аз болмады. Жеке есепте капитандар арасындағы «Гладиаторлар» сайысы, өте қызықтыда, тартысты болды. Капитандар қалжырап тұрсада қаруын тастамай қасқайып тұрып, шыдамдылық танытқан кездері аз болмады. Сондай, бір тартыстың куәсін атап өтсек. Қарсыласы бірнеше ауыр соққы алып, құлауға шақ тұрсада қаруын тастауға намысы жібермей тұрған қарсыласын Қарағанды облысы командасының капитаны Бектас Тұяқбай өз қаруын тастап, қарсыласын керісінше сүйеп, ұрыс алаңынан алып шықты. Бұл жағдайды күтпеген, көрермендер, әділ қазылар абдырап қалсада, тез естерін жиып, елдікпен, ерліктің, мейрімнің куәсін мадақтап жатты.

Сайыс соңында, жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде сөз алған, Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин: — «Мен — чемпион» жобасының ақтық мәресi Бурабай курорттық аумағында болғаны, игі істердің бір парасы. Қазiргi таңда, жоба мектеп, қала, облыстық сатыда дамып, спорттық қозғалыс жарты миллионнан астам қазақстандық оқушыларды бiрiктiрдi. Сайыскерлер, әр ел, әр өңірден келген балалра бірбірімент танысты, достасты. Ең басты оқиға ретінде атасам, Қарағанды құрамасының капитаны Бектастың игi қадамы, мені таңдандырды. Ол, әлсіреп тұрған қарсыласын ұрып сұлатпай, құшағын ашып, достыққа шақыра білгені ақылмен, ерлікті белгісі емеспе. Сайыста жеңіске жету маңызды болсада, адамгершілік, өрліктің оданда маңызды екенін көрсетті. Мен  күннiң басты жеңiсi — «Мен — чемпион» алаңында табылған достық, дер едім. Ал, «Мен — чемпион» ойыны келесі жылыда Бурабайда болады және көп құрама, спортшылар қатысады деп, сенемін.  Қатысушыларға жақсы жағдай жасап, сайысқа аброймен қатысып, көңілді дем алуларына  бар күшiмiздi саламыз» — деді, шараны қортындылаған әкім.

Жоба жайына қысқаша тоқталсақ. Жобаның негізгі ұйымдастырушы, қаржылай қолдаушысы Ақмола облысының әкімдігі.

«Мен – чемпион!» жобасының авторы және бастамашысы Евгений Сазанов: —  Жоба басталғалы  жарты миллионнан астам қазақстандық оқушылар осы сайыстарға қатысты. Жоба өте қолжетімді. Жарыс-тар қарапайым спорт залдарында өтеді. Оған күнделікті қолданыстағы спорт құралдары жарай береді деп,көшпелі брифингте мәлімдеді.

«Мен — чемпион»   жәнеде басқа көптеген жобалардың Бурабай аймағында жүзеге асуы еліміздің, соның ішінде Ақмола облысының курорты аймағының әлеуетінің артып келе жатқанынң айғағы.

Дахан Шөкшир.