«Ғажайып Бурабай» байқауы мәресіне жетті.
Ел аумағындағы барлық бұқаралық ақпарат құралдары арасында жарияланып бір жылға созылған «Ғажайып Бурабай» және туристік сала ұйымдарымен, қызметкерлері арасында өткен «Aqmola Tourism Awards» байқауының қортындыс шығып, марапаттау рәсімі Бурабайдағы «Айнакөл» отелінде болды. Салтанатты шараға облыс әкімі М. Мырзалин қатысып, марапат иелерін құттықтады. Әкім құттықтауында, Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі концепциясы, облыстың туристік кластерін дамыту жоспары , Бурабай курортты аймағын дамыту жайлы тапсырмасының орындалуына тоқталып, төмендегі мәліметтерді жеткізді. Өңірде 784 туристік ұйым қызмет көрсетеді. Оған сауықтыру , туристерге даяшылық жасау, жол бойындағы сервистік нысандары жатады. Статистика бойынша , туризм индустриясында тұрақты өсу байқалды. Қазақстан Облыстағы туристік орындарға келушілер саны 1 миллион адамнан асса, көрсеткен қызмет көлемі 4 миллиард теңгеге жетіп, алдыңғы жылдан 2,7 есе өсті. Бюджетке туристік қызметтен түскен салық пен өзге де төлемдер 1,2 миллиард теңгені құрады. Бағдарлама барысында облыста туризм саласында 90 нысаны салынса, бірқатарескі нысандар жөнделді. Мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Осындай жетістіктеріміздің нәтижесін бағалау, ақпарат құралдарында жариялау, Бурабай курорты аймағының әлеуетін, табиғатын, тарихи және киелі орындарын ел және шет елге насихаттауда баспа сөз өкілдері ннәтижелі еңбек етті. Оларға алғыс білдіремін. Облыстық туризм басқармасы ұйымдастырған шара дәстүрлі сипат алатын болады. Байқаудың негізгі мақсаты туризм индустриясында табысты жұмыстап жүрген туристік операторларды анықтау, бағыттағы жұмыстарды кеңінен насихаттау . Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы «Ғажайып Бурабай» байқауының мазмұнын арттыруға айрықша назар аударатын боламыз. Бүгін бір жыл бұрын жарияланған, бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы «Ғажайып Бурабай» байқауының шешуші кезеңі марапаттау рәсімінеде жеттік, деп сөзін аяқтады. Әкім сөзінен соң марапаттау рәсімі басталып,байқаудағы 5 аталым және аталымдағы үш жүлделі орынның жеңімпаздары марапаттқа ие болды. Бірінші кезекте, «Интернет-медиадағы үздік мақала» аталым иелерін әкім М.Мырзалин өзі тапсырды. Одан соң, «Үздік телематериал», «Үздік газет мақаласы», «Радио хабары», «Үздік блогер» және туристік бизнес қызметінің өкілдері, ұйымдарды, облыс әкімінің орынбасары бастаған лауазым иелері бірінен соң, бірі шығып марапаттады .Марапаттау рәсімі әлемдік киносыйлықтар жүйесінің озық дәстүрлерінде өткені айта кеткен жөн.
Дахан Шөкшир.