«Атырау – қазақ жерінің жүрегі» — Л. Прокопенко
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ауқымды жобасын жүзеге асыру аясында Атырауда театрландырылған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, оны 1500-ден астам көрермен тамашалап, 1 мыңға жуық адам қатысты.
Жобаның басты мақсаты – барлық қазақстандықтардың біртұтас құндылықтарының және жалпыұлттық тарихи санасының негізінде халық бірлігін нығайту.
Шараға халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Аналар кеңесінің мүшелері, көрнекті қоғам қайраткерлері, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесі мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері, мемлекеттік органдар мен республикалық жастар бірлестіктерінің, жоғары оқу орындарының, қоғамдық келісім кеңестерінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, жазушылар және БАҚ қатысты.
Айта кету керек, Атырау облысында 80-нен астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады, 20-дан астам этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Шараға қатысушылар «Қазақтану» жобасы этносаралық келісімнің үйлесімді болуына ықпал ететін құралға айналғанын атап өтті.
Бұл пікірді шарада сөз алған аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев та қуаттады:
— Бұл ауқымды жоба біздің тіліміз бен діліміз, дініміз бөлек болғанына қарамастан, мақсаттарымыз ортақ екенін тағы да айқындап берді. Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын көтеруге қатысты қойған міндеттерін атқаруға дайынбыз. Бүгінде Қазақстанда бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық бар. Бұл бәріміздің еңбегіміз. Біз мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында ұлттық құндылықтарды нығайту үшін барлық күш-жігерімізді біріктіреміз», — деді Атырау облысының әкімі.
Айта кету керек, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы Ассамблеяның мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында қосқан үлесі. Бұл бірегей жоба қазақтың бай мәдениетіне, тарихы мен дәстүріне терең бойлап, көшпенді халықтың көп ғасырлық философиясын түсінуге мүмкіндік береді.
— 2018 жылы жобамыз Атырауда аяқталатынына қуаныштымын, себебі Атырау – қазақ жерінің жүрегі. Мұнда бағзы дәстүрлер берік сақталған, Сарайшық қалашығы орналасқан киелі мекен. Бұл – Президент «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында атап көрсеткен біздің тарихымыз. Мақсатымыз – жоба аясында ортақ тарихи сана қалыптастыру болатын, осы мақсат орындалды, — деді Леонид Прокопенко.
Айта кетейік, шаралар легі Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Қайырымдылық керуені» жобасы шеңберінде меценаттар форумымен қорытындыланды. Ең үздік қайырымдылық ұйымдары, донорлар мен меценаттар мемлекет басшысы бекіткен «Жомарт жан» төсбелгісіне ие болды. Қайырымдылықты дамытуға, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін, қоғамдық көмек беру мәдениетін дәріптеуге үлес қосып жүрген 32 меценат «Жомарт жан» төсбелгісімен және 11 меценат алғыс хатпен марапатталды.
Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.