Сәт сайын жасалатын ғибадат
Алла Тағала Құранда және худси хадистерде Өзін жиі еске алуды бұйырып, оның қандай маңызды амал екенін құлдарына ескертеді. «…Мені еске алыңдар!» дегендей аяттардың келуі соның бір дәлелі. «Мені бір құлым жалғыс еске алса, мен де оны жалғыз еске аламын. Егер ол жамағатпен еске алса, мен оны олардан да қайырлы болған жамағатпен еске аламын» деуі санасында сәулесі бар адамзат баласын ойландырмай қоймауы тиіс. Сондай-ақ, «Рағид» сүресінің 28-аятында Алла Тағала: «Жүректер тек Алланы еске алумен орнығады (тыныштық табады)» деген.