Орта-Азиялық агротехникалық саммит 2018

Саммитке USDA, FAO, ЮНЕСКО, Азия даму банкінің сарапшылары, орталық мемлекеттік органдардың, даму институттарының, жергілікті атқарушы органдардың, салалық ассоциацияның, университеттердің, ҒЗИ, ҮЕҰ, сонымен қатар республиканың бизнес құрылымдарының басшылары қатысады.
Елбасының 2018 жылдың 5 қазандағы жыл сайынғы Жолдауындағы міндеттерінің бірі 2022 жылға қарай еңбек өнімділігі мен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2,5 есеге арттыруға суармалы егін шаруашылықты әрі қарай дамыту жатады.
Форум аясында «ҚР су ресурстарын кешенді басқару» атты дөңгелек үстелінде осы мәселеге ерекше көңіл бөлінді.
Ағымдағы жылдың шілде айында 2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама жаңартылды. Бағдарламаны іске асырудың жоспары:
— ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін бір адамға еңбек өнімділігін 2,5 есеге, 4,0 млн. теңгеге дейін өсуі; 
— Қайта өңделген өнімнің экспортын 2,5 есеге 2,7 млрд. АҚШ долларына дейін  өсуі;
— ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту;
— салада негізгі капиталға салынған инвестициялардың 3 есеге артуы;
 — тартылған несие қорларының көлемі 2017 жылдың деңгейіне  2021 жылға қарай  9 есеге дейін артады.
Мемлекеттік бағдарламаның аясында 2018-2027 жылдарға арналған суармалы егін шаруашылығын дамытуға арналған инвестициялық сектор үшін тұжырымдама жасалады.
Өз кезегінде салалық бағдарлама 2021 жылға дейін 610 мың га суармалы жерді тартуды, соның ішінде ағымдағы жылы 65 мың га. Оның ішінде 41,9 млн. га суармалы жер енгізілді (оның ішінде Алматы облысы бойынша – 11,6 мың га, Ақтөбе облысы бойынша – 5,2 мың га, Жамбыл облысы бойынша – 17,4 мың га, Шығыс Қазақстан облысы бойынша –  2,7 мың га). Қалған жерлер жыл соңына дейін енгізілетін болады.
Жалпы алғанда, осы міндеттерді іске асыру үшін Ислам даму банкімен (ИДБ) және Еуропалық Қайта құру мен даму банкімен (ЕҚДБ) бірлесе отырып 128 мың га-ға(Алматы облысында – 35,4 мың га, Ақтөбе облысында – 16,0 мың га, Жамбыл – 51,0 мың га, Түркістан облысында – 25,7 мың га)  талап етілетін суармалы жерлердің гидромелиорациялық жүйелерін қалпына келтіру үшін 100 млрд. теңгеден астам сомаға жобалар жүзеге асырылуда.
Бұдан басқа, суармалы егін шаруашылығына арналған салалық бағдарлама аясында 1,5 миллион га жаңа суармалы жерлерді айналымға шығару жоспарлануда, бұл ауданды 3,5 млн.га-ға дейін жеткізу. Қазіргі уақытта суармалы жерлердің ауданы 1,4 млн. га-ды құрайды. Осылайша, жалпы егіс алқабында суармалы жерлердің үлесі16%, жалпы өнімі 2,4 трлн. теңге.
Суару процестеріне, цифрлы және инновациялық технологияларды енгізуге ерекше көңіл бөлінеді. Министрлік жергілікті жерлерде агросүйемелдеуді жүзеге асыратын агропарктер мен өңірлік орталықтар жүйесін құру бойынша жұмысты қолға алды. Ол қазіргі заманауи технологияларды көрнекі көрсету үшін аймақтық фермерлерге қажетті технологияларды қолдану мен оларды сақтауды қамтамасыз етеді.