Ұлттық құндылықты құлдыратып, ұрпақты ұятынан айырып, құрту саясаты тоқтатылсын!
ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов әлемдік медициналық тәжірибеге сүйеніп, тегін мүшеқап тарату жөніндегі және «16 жасқа толған қыздарға ата-анасының келісімінсіз-ақ қолдан түсік жасату (аборт)» туралы ұсынысын естіп-көріп жағамызды ұстадық. Бұл ұсыныс заңдастырылса — ұлттық қауіпсіздігімізге орасан қауіп-қатер төндіретіні белгілі.
Министр Е.Біртановтың халықпен санаспай, жұрттың қоғамдық пікірін білмей, барлық ата-ана үшін «16 жастағы қыздарға түсік жасатуға рұқсат беру дұрыс» деп айтуға ешқандай конституциялық, заңдық және моральдық құқығы жоқ. Е.Біртановтың айтып отырған 16 жастағы қыз бала — ол әлі аузынан ана сүті кетпеген уыздай жасөспірім! Ал бұғанасы қатпаған жас жеткіншек өзінің болашағы, тағдыры үшін аса маңызды шешім қабылдай алмайды. Сол себепті жас жеткіншектің мойнына ұлт болашағы, ұрпақ тағдырына тікелей қатысты үлкен жауапкершілікті артуға мүлде болмайды.
Жасанды түсік жасату — ұлттық қауіпсіздігімізге қасірет болса, медициналық тұрғыда зиян, діни тұрғыда ауыр күнә және қазақи сана-болмысымызға қайшы.
Кейінгі күндері әлеуметтік желіде, газет сайтында, теледидарда көптеген пікірлер шықты, солардың бірнешеуіне тоқталайық:
Халық қалаулысы БАҚЫТБЕК Смағұлұлы жанайқайын ашына жеткізді шырылдап: «Бұл нағыз жабайылық!» — деді ол.
Жүктіліктен сақтану, түсік жасатуға рұқсат беру туралы депутаттың пікірі / АПТАП 09.12.2018
16 жасқа толмаған жас қыздарға ата-анасының келісімінсіз жасанды түсік жасатуды заңға енгіземіз бе, жоқ па? Депутаттың ойы қандай? Халық қалаулылары қоғам қабылдамаған ұсынысты қолдай ма? Бұл тастанды балаларды азайтып, жасөспірім қыздарды суицидтен құтқара ала ма?
Акушер-гинеколог, Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова былай дейді… https://www.ktk.kz/kz/programs/Aptap/… Халық қалаулысы гинеколог-акушер Зәуреш ханымның маман ретінде қолдағанын, бірақ ата-аналармен сөйлесу керек деп айтқан екі ұшты пікірі көңілге қонбады. Зәуреш ханым, медицина атасы Гиппократ жасанды аборт жасау, түсік тастау заңсыз деп есептеген. Гиппократ мектебінен шыққан ол кездегі дәрігерлер: «…мен ешқашанда түсік тастауға дәрі-дәрмек қолданбаймын», — деп ант бергенін сіз қалай білмей қалдыңыз! «Дәрігерлердің пайымдауынша, түсік жасатқан қыздар екінші рет жүкті болу мүмкіншілігінен 20 %-ға айырылады екен. Мұны «Екінші бедеулік» деп атайды. Тіпті көтергеннің өзінде кемтар сәби өмірге келетіні ғылыми тұрғыда дәлелденген. Жасанды түсік жасаған әйелдер медициналық тәсілмен шарананы алдыртып құтылғанымен, айықпас дерт жамайды екен. Алдымен халық үнін білдіретін үндеу, пікірлерді назарларыңызға ұсынайын.
Халықтың наразылық үні
ҚР Президенті Н.Назарбаевқа
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевқа
ҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулинге
ҚР Премьер-министрі Б.Сағынтаевқа
ҮНДЕУ ХАТ!
Батыс Еуропаның кейбір елдерінде аборт мәселесі демократия, әлеуметтік әділеттік, адам құқықтары ретінде қарастырылатынын жақсы білеміз. Алайда қандай да өркениетті елдердің тәжірибесі болмасын, аборт мәселесі — ұлттық мүдде мен халықтың мақсат-мұратынан жоғары тұрмауы тиіс!
Жасанды түсік жасату — күнәнің ең ауыры. Ислам дінінде себепсізден себепсіз дүниенің есігін ашқалы тұрған сәбидің өміріне түрлі амалдар арқылы балта шабу — аса ауыр күнә саналады. «Әңғам» сүресінде, 151-аят былай делінген: «Жарлықтан балаларыңды өлтірмеңдер. Сендерді, оларды біз ризықтандырамыз». Міне, осыны, дүниеге келген әр сәбидің өз ырзық, несібесі болатынын бойжеткен қыздарға аборт жасауды заңдастыруды ұсынған сіз түсінсе екен дейміз. Сондай-ақ қасиетті Құран Кәрімде («Шура» сүресі, 49-50): «Алла қалаған пендесіне қыз береді, қалаған пендесіне ұл береді. Қалаған пендесіне ұлды да, қызды да нәсіп етеді. Сондай-ақ қалаған пендесін бедеу қылады» деп айтылған. Яғни, бала сүю — Алланың берген үлкен сыйы екенін ұмытпауымыз керек!
«Бір қозы туса, бір түп жусан артық өседі» деген нақылды ұстанған қазақ әр сәбидің өз несібесімен дүниеге келетінін айтады. Сондықтан министр Е.Біртановтың әлеуметтік-қоғамдық жағдайға байланысты 16 жасқа толған қыз балаларға ата-анасының келісімінсіз жасанды түсік жасатуды заңдастыру туралы ұсынысын — мемлекеттік демографиялық саясатқа қарсы бағытталған әрекет және ұрпақ болашағына балта шабу деп бағалаймыз!
ЖОЛ БЕРМЕЙМІЗ ЖӘНЕ ТАЛАП ЕТЕМІЗ!
Бүгінгі бойжеткен қыз — ертеңгі ана. Қыз бала — ұлтымыздың келешегін өркендетуші, халық өрісін кеңейтуші, өсімін көбейтуші. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетуге тиісті абзал жан — болашақ аналарымызға аборт жасатып, болашақтарын бүлдіртуге, тағдырларын таптатуға, өмірлерін қорлатуға жол бермейміз!
Халықтың өсімін тоқтатуға әкелетін және ұлт басына үлкен қайғы мен қасірет болып төнетін — 16 жастағы қыздарға аборт жасатуды заңдастыруы туралы денсаулық министрінің ұсынысын қабылдамауларыңызды және Елжан Амантайұлы Біртановтың өз ұсынысынан ресми түрде бас тартуын ашық талап етеміз!
Талғат Қатауов Тұрсынғалиұлы, Қазақстанның тәуелсіз кәсіподақтары конфедерациясы, БҚО Тәуелсіз кәсіподақ ұйымының төрағасы билікке Үндеу хат жазып шырылдайды.
Мен бұл үндеуді толық қолдаймын.
Қайрат Жолдыбай
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ МҮШЕҚАППЕН ЖҮЗЕГЕ АСПАЙДЫ, МИНИСТР МЫРЗА!
Мектепте мүшеқапты мүшектеп тарату, қыздарымызға қолдан түсік жасауға рұқсат беру, тіпті соны дұрыс әрекетке санау қазаққа жасалған қастандық! Мектепте мүғалімдердің мүшеқап таратып жатқанын көрген ұлдардың нәпсісі қозып, соны тезірек қолдануға асықса, қыздарымыз қызығын қыздайынан ұрлатып, қызыққа некесіз-ақ ерте батуды дұрыс екен деп ойлайды. Қашанда ұят нәрсеге жол ашылып, заңдастырылатын болса, оның адам санасында күнә болудан қалуы да заңдылық. Проблеманы одан да үлкен проблемамен шешуге болмайды. Нәжісті одан да ауыр нәжіспен тазалауға бола ма екен? Оқушылар арасында жүкті болу көбейіп жатса, оның негізгі себебі жастар руханиятының әлсіреп, азғындауында жатыр. Ендеше, оның емі де руханиятты күшейтуде болмақ. Пәктікті, ар мен ұятты насихаттауда жатыр. Басқа жолдың бәрі тығырық. Аяғы Қазақияны құртуға апарады. Тексіздікке тірейді. Ажырасу көбейіп, отбасы құлдырайды. Болашағымыз құрдымға кетеді.
Астанада «Қазақстанның өркениет-аралық және конфессияаралық диа-логқа қосқан үлесі» тақырыбында өтіп жатқан конференцияда елордадағы әулие Мария римдік-католиктік архие-пархиясының архиепископы Томаш Бернард Пэта бүгінде Қазақстан қоғамында талқыланып жатқан «аборт мәселесіне» қатысты пікірін білдірді.
“Әйел адамның құрсағына біткен бала тұлға деп саналмаса да, ол — ең алдымен жан иесі. Ал тіршілік иелерін шетінен өлтіру тарихта Ленин, Гитлер есімдерімен қатар аталады. Сонда ары таза қазақ халқының бүгінгі қоғамы кәмелетке толмаған қыздардың аборт жасауына оп-оңай рұқсат беріп қойса, мұндай қылмыстың үлкен түрінің бұрынғы геноцидтерден айырмасы қандай? Біз, епископтар күрделі мәселенің салдарымен бұлай күресуге қарсымыз. Ендеше, қоғам болып бұған қарсылығымызды білдіруіміз қажет. Қазақтардың дүниетанымы, рухани жігерінің мұндай өзекті проблеманы басқаша шешуге қауқары жетпей ме? Керісінше, әлемде бейбітшілік пен келісімді насихаттап отырған мемлекет үшін бұл үлкен кемшілік болар еді деп есептейміз”, — дейді Т.Пэта.
Ол кәмелет жасқа жетпеген қыздардың аборт жасауына рұқсат беруге қарсылықтарын ашық білдіру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне дейін үндеу жасап жатқанын және мұндай сорақылыққа билік өкілдерінің жол бермеуі керектігін жеткізді. Ал біздің бас муфтиіміз және басқалары неге үнсіз?!
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ АШЫНҒАН БІРАЗ ПІКІРЛЕРГЕ ТОҚТАЛСАҚ:
“ПЫШАҚТЫ АЛДЫМЕН ӨЗІҢЕ СҰҚ, АУЫРМАСА БАРЫП ӨЗГЕГЕ СҰҚ!” — дейді Өмірзақ Ақжігіт. Денсаулық сақтау министрі Ержан Біртанов, вице-министр Ләззат Ақтаева, департамент директоры Айжан Есмағанбетова, “жағдайды түсіндіріп” бергіш Ақпарат министрі Дәурен Абаев, т.б. солардың қолдаушылары, алдымен өз ұлдарыңа презерватив таратыңдар, өз қыздарыңа “бізден сұраусыз аборт жасата бер!” деңдер. Он жыл өткен соң, “оң тұсы” (…) көп екеніне көздерің әбден жетсе, сонда барып ұсыныңдар!
Екінші біреуі ашына: Сұмдық-ай! Министрлер мен депутаттардың ХАЛЫҚ алдында талқылауының ұят екенін білмеді ме? Тəртіп пен тəрбиені қолға алудың орынына, мүшеқапты сөз қылғаны. Қиналып жүрген халықтың жағдайын талқылау керек.
Үшінші біреуі: «есі дұрыс министр бұлай айтпас еді, кім өзінің бауыр еті баласын осындайға қияды», — деп шырылдайды.
Министрлік неге үнсіз отыр?
Ана ретінде мен де бұл өте тайыз айтылған пікірге өз үкімімді, өз сөзімді айтпай отыра алмадым. Бұл мәселеге бүкіл халық болып шулап жатыр. Наразылық үні жәй ғана шу емес, ызалы үн. Бірақ біршама уақыт өтсе де бүлдіретіндерін бүлдіріп алып, енді ештеңе естімегенсіп Денсаулық сақтау мен Білім және ғылым министрліктері үнсіз.
Менің таңғалатыным биік лауазымды орындарда отырғандар мұндай өте маңызды мәселенің арты не болатынын білмей, зерттемей оғаш ойларды айта салуы. Онсызда ушығып тұрған, азғындықтың шегіне жетіп тұрған мәселені одан сайын құртуға, одан сайын ушықтыруға олар әдейі, қасақана осындай жағдай жасай ма деген ойға да келемін кейде. Айналайындар-ау, Елбасымыз: «Рухани жаңғырайық!» деп, «Ұлы даламыздың 7 қырын» айтып, «30 мемлекеттің қатарына тұрайық!», — деп күні-түні ұйықтамай әрбір сөзін мірдің оғындай жеткізіп, шырылдап жүргенін көрмей жүрсіңдер ме? «Елбасы айтқандай», «Елбасының тапсырмасымен» деген сөздерді ауыздан тастамайсыңдар. Ал өздерің бірдеңе айтсаңдар халықты ұлардай шулатып, наразы етесіздер? Мұның бәрі «Ойланбай сөйлеген ауырмай өледі», «Айтылған сөз атылған оқпен тең» деген сияқты ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңірмегендіктен. Мен бұл жерде қандай да бір лауазымды орынға шенеунікті жұмысқа қабылдарда осындай ұлттық құндылықтарымыз жайлы емтихан алу керек қой деп ойлаймын.
Иә, ұлт құндылықтарын оқыту арқылы өте зор нәтижеге жетуге болады. Мен бұған кәміл сенімдімін. Ұлттық тəрбиеге жететін ештеңе жоқ. Өзіміз де сондай тəрбиемен өстік, жаман болған жоқпыз. Енді соны ұрпақтарымызға беретін кез келді.
Әр отбасы өз ұрпағының қамын ойлау керек. Көзге елестетіп көріңізші, мектепте тізіммен мқ таратып жүрген ұстаз, сонда оның қандай абыройы қалды?! 16 жастағы қыз бала ата-анасының рұқсатынсыз аборт жасауға өз еркі болса, онда мектеп оқушылары өз білгендерін істейді емес пе? Мектеп оқушыларына мүшеқап берсе, онда олар сабақты қойып естері соған ауып отырмай ма? Сонда министрлер осыны дұрыс деп танып отыр ма? Бұл не деген сұмдық? Оқушыларға ондай еркіндік берсе, онда қыз балалар барлығы пәктігінен айырылады емес пе? Ұлы сөзде ұят жоқ. Сол мқ қаптан талай қыздарымыз бала көтеріп қойған деректерді білеміз. Қазір мқ таратып, ертең мектептегі балабақшаға оқушылар баласын апарсын дейтін шығарсыздар. Мәселені бұлай шешпейді, бауырлар! Ойлану керек! Ел болашағын, оның менталитетін неге ойламаймыз? Неге біз Батыс деп басқа елдердің сасыған қаңсығын аламыз? ОБАЛ, САУАП, ҰЯТ болады деген үш ауыз сөзбен арлы, намысты қызды, ел қорғаған қайсар ұлды тәрбиелеген ҰЛЫ дала перзенттері емеспіз бе?! Неге Ұлы даланы әлем үлгі тұтпасқа! Сонда біздің мқ таратқандағы мақсатымыз — арсыз қыз, намыссыз бейшара ұл тәрбиелеу ме?
Аборт жасауды қолдау — ұлттық өсімімізді тежейді. Қазақстан демограф ғалымдардың зерттеуінше қазақтың соңғы жылдары баяу өсуіне, бір жағынан түсік жасатуда үлкен кері әсерін тигізеді екен және олар аборт жасауға қарсы үнемі дабыл қағып келеді.
Еуропаның кейбір елдерінде аборт мәселесі демократия, әлеуметтік, әділеттік адам құқықтары ретінде қарастырылатынын жақсы білеміз. Алайда қандай да өркениетті елдердің тәжірибесі болмасын аборт мәселесі — ұлттық мүдде мен халықтың мақсат-мұратынан жоғары тұрмауы тиіс!
Істің жөнін білмейтін, халықтың менталитетін білмейтін біреулер лауазымды орындарға отырып, билік жүргізетін жосықсыз заман болды. Ата-бабамыздың «қызға қырық үйден тию» деген қағидасы қайда қалды. Ата-аналар əрқайсысымыз өзіміз қолға алмасақ бала тəрбиесін тек үкіметтен күтуге болмайды. Үйдегі тəрбиеге ерекше көңіл бөлейік. Бала болашағымыз, яғни кім үшін өмір сүреміз? Сондықтан бала тәрбиесіне бәріміз жауаптымыз! Жұмыс, ақша деп жүріп балаларыңыздан айрылмаңыздар. Өзін-өзі қорғау, сақтау керек екенін үйрету керек. Мектепте сауаттылық ашатын сабақ болу керек. Балаларға бір-біріне аға, қарындас ретінде қарап сыйлау керек екенін үйретіп, қыздарды сыйлап, қорғау керектігін шегелеп айтайық.
Естеріңде болса, Кеңес одағында қоғамдық деңгейде қыздар тәрбиесіне жауапты «Қыздар секторы», ұлдар тәрбиесіне жауапты «Ұлдар секторы» болды. Менің оқушы кезімде олар ата-аналармен ерекше жұмыс жасады. 1950-60 жылдардан кейін өзіміз ұстаз, басшы болғанда соны әрі қарай дамытқаным есімде сайрап тұр. Кездесулер өткізіп, дәрігерлермен жиі жас ерекшеліктеріне қарай балаларды кездестіретінбіз. Арнайы жоспар құратынбыз. Қатаң бақылауда болатын, міндетті түрде ата-аналар қатысатын іс-шаралар болатын ол кездері. Біз неге осындай игі істерді жандандырмаймыз? Факультатив емес, психолог-дәрігер мамандардан неге арнайы сағатар бөлмеске.
Енді не істеу керек?
Сонымен осындай азғындық жағдайға жетіп, енді оны түзей алмай отырғандығымыздың себептеріне тоқталып, «Енді істеу керек?» деген тұрғыда ойларымды ортаға салғым келеді.
Білім және ғылым министрлігінің өз дәрежесінде жұмыс істемеуі және оның өзі де, балаларымыздың да экспериментке айналғалы қашан..! Əліппесі анау, Сауат ашуы анау, Қазақстанның географиясы анау, оқулықтары анау..! Енді міне ар-намысына, ұятына жармасып отырған жоқ па..?! Сонда не қалды қарақтарым-ау..?! Әл-Фараби айтқандай «Тәрбиесіз білім, білім емес» деген ойларына әлі де дендеп көре алмай отыр.
Ағылшын тілінен шала сауатты мұғалімдердің, тіпті сол мұғалімдердің жетіспеуі. Халық қалаулысы И. Смирнова ханымның жанайқайын осы жерде келтіре кетейік.
Өзімізді өзіміз алдап бюджет ақшасын шашып жатырмыз. Бұл реформа балаларды мәңгүрт ететін болды, әсіресе ауылдық мектеп оқушыларын. Депутаттың мына сөзі шындық: “Зачем мы себя обманываем?” — депутат о внедрении триязычия 06 декабря 2017, 19:027555 121 Депутат Мажилиса Ирина Смирнова. Депутат Мажилиса Ирина Смирнова подняла вопрос о внедрении и развитии триязычия в Казахстане, передает Tengrinews.kz. Она высказалась о том, как сейчас в школах республики ведется преподавание уроков физики, химии и биологии на английском языке. “В одном из лицеев Астаны недавно проводился открытый урок по биологии на английском языке, чтобы продемонстрировать уровень готовности к переходу (на триязычие. — Прим. автора). Учитель прочел весь урок на ломаном английском по бумажке, а из 30 учеников подготовили пятерых знающих язык, чтобы произвести впечатление интерактива. Перекладывать ответственность с себя за неэффективное планирование, прогноз и статистику на людей, которые якобы не успевают осилить программу, бессмысленно. Завтра уполномоченный орган придумает новую программу с новыми деньгами. Отступать-то мы не любим, как и признавать ошибки”, — заявила депутат Ирина Смирнова. Она отметила, что в 2016-2017 годах из республиканского бюджета на реализацию программы по внедрению трехъязычного обучения выделено более 11 миллиардов тенге. В бюджете на 2018-2020 годы предусмотрено около 19 миллиардов тенге. “Преподавание на английском языке, на котором учитель не то что думать, а даже изъясняться на бытовом уровне не сможет, не будет эффективным. Такие предметы, как физика, химия, биология, даже на родном языке не все ученики усваивают в полном объеме. В десятых классах только 10-15 процентов учеников владеют английским языком на уровне. А что делать с остальными учениками?” — задалась вопросом депутат. При этом она отметила, что преподавателей физики, химии, биологии всей страны уже два года обучают английскому за счет государства. Учителей из сел направляют на курсы в центры с предоставлением жилья и питания. В это время на рабочем месте обучающемуся сохраняется заработная плата, а заменяющему учителю оплачивают замену. “Уже говорят, что есть вероятность того, что для некоторых учителей такие курсы будут проводить повторно, так как трех месяцев для овладения иностранным языком недостаточно. (…) Когда мы научимся правильно воплощать идеи Президента, когда мы станем рациональными и прагматичными? Скорее всего, программа не оправдает ожидания Главы государства, как и вложенные в нее средства. Это уже ясно. Конечно, нам могут показать блестящую статистику, но вопрос: зачем мы себя обманываем?” — заявила депутат Ирина Смирнова.
Подробнее: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/zachem-sebya-obmanyivaem-deputat-vnedrenii-triyazyichiya-332628/?_utl_t=fb&fbclid=IwAR1_xf2Z0bAKesC5UevM-b5MbeFp9mHD_K5JISnDaTW77BRPOLZipRuLiz0 оқыңыздар ашық айтылған арнайы сілтемесінде қойдым
Күнделік, электрондық журнал И.Смирнова ханым айтқандай өз-өзімізді алдау. Рейтинг қуып мұғалімдер балаға білім берудің орнына бар уақыттары соларды толтыруға кетеді. Қазір өтірік ақпарат беру мектепке де барды. Мұғалімдерге қосымша жүктеме болғанын, жүйкесінің тозғанын, интернет жүйесінің барлық жерде жоқ, жылдамдығы төмен екенін айтуын айтып жүрміз. Электрондық жүйе интернет ауданды былай қойғанда облыс орталығында жеткілікті түрде жұмыс істемейді. Мен толық жауапгершілікті мойныма алып айта аламын..! Одан да елімізге, өзімізге, дәстүрімізге лайықтап неге жасамасқа (Ресейдің қаңсығы). Өзімізде жасалған «Білім ал жобасы» қайда?.. Ұстаздар бала тәрбиесін, білімін де басқа елге жалтақтап алаңдаймыз деп әлсіретіп алдық. Ол шындық..!
Кейінгі кезде Қазақстан Рес-публикасы парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның, «Білім басқармаларын жабу керек!» — деген ұсынысы болды. Жабуға болмайды..! Білім басқармасын жабу үлкен қателік..! Елдің бəрі ұры-қары емес..! «Қысқартамыз, оптимизация жасаймыз» деп барымыздан ажырап қалмайық..! Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ..! Білім басқармасын жаба салғанша, пəнді пəнге қоса салғанша, маңдайды терлетіп, ия оңтайландырып оларды жаңаша жұмыс істеу жолдарын ашып, айқындап беруге мүмкіншілік беру керек. Жаңа бағдарламалар, 12 жылдық, 3 тіл керек болса қытайша оқыту. Ұлан-ғасыр жері болғанына қарамай білім басқармаларын жауып, бір министрліктен Астанадан басқару күлкілі, бұл ұрпақ болашағына балта шабу..! Ертең өкініп қаласыңдар..! Екі дəуірдің білім саласын көрген ұстаз ретінде, əлі де еңбек етіп, ел аралап, шалғай елді аралап білім ордаларында жиі болып жүрген азаматша ретінде айтарым, басқарманы жабудан бастамай, мектеп бағдарламасынан, мұғалімдердің мəртебесінен, оның əлеуметтік жағдайынан, білімділігінен, балабақшалардың барлық балаларға жеткілікті болуынан, мектепке дайын болуынан бастау керек..! Уралай бермейік! Үйдің іргесінсіз шатыр салуға құмармыз! Білім саласыда солай болуда. Кесірін, кесепатын міне көріп те жатырмыз.
Ата-аналардың өз балаларына жауапсыз қарауы. Шіркін-ай, бабаларымыз баяғыда «еті сенікі, сүйегі менікі» деуінде ұстазға сенім жатыр. Алла алдында, ар алдында үлкен жауапкершілігі болатын ол кездегі ұстаздарда. Бәрін ақшамен есептеп ұстаздарға құлша қарау дұрыс емес. Қазір ұстаз мәртебесін көтеру де қолға алып отырмыз. Сондықтан ата-аналар мектебін жандандыру, жауапкершілігін арттыру керек. «Түсіп қалдың шанадан, тауып алдым даладан» деп қызымыз бен ұлымызды алдамай, шындық тағы қашпай балаларымызбен ашық сөйлесіп, бәрін түсіндіріп айтатын кез келді. Себебі олар бізсіз де ғаламтордан керегін тауып, осындай қиын жағдайларға ұшырап отыр. «Қазақстан жастарының 70 пайызы 15 жасқа дейін жыныстық қатынаста түседі» деген дерек масқара ғой.
«Зорлық», «Секс» деген сөздердің мәнісін бала түсінсін. Әйтпесе педофилдерден қалай қорғанамыз? «Педофилдерді піштіруі» туралы заң шықты. Бірақ бұл аз.
Батыста жыныстық тәрбие балабақшадан басталып, мектептегі бозбалалар мен бойжеткендер ерте қатынастың зиян екенін біледі. Сақтанудың жолдарын біледі. Жұқпалы аурумен түсініктің зардабын түсінеді, мқ пайдаланады. Біз осы қағиданы өз менталитетімізге лайықтап алуымыз керек «Ел боламын десең бесігіңді түзе»…
Бізде балалар тілінде сөйлесетін психологтар жоқтың қасы. Оқу орындарында осындай мамандық керек екені даусыз.
Әлеуметтік желіде балалар тәрбиесіне зияны шаш етектен, оны тәртіпке келтіретін кез жетті.
Түйін: Сонымен мәлімдемемнің түйінінде мына пікірімді тағы да айтқым келеді. Жалпы кәмелеттік жасқа толмағандарға аборт жасату ол қылмыс. Алайда министрліктер тегін мүшекқап таратуға, қол жетімді аборт жасауға қаржы іздеп жатыр. Бұл да халық алдында жасалып отырған қылмыспен пара-пар. Болашағымызға балта шабу да осы! Ананың үкімінен артық үкім жоқ. Мен аналардың, халқымның тілегін, назасын, сөзін жеткізіп отырмын. Тоқтатыңдар, үзілді-кесілді тоқтатыңдар мұны. Қазақтай Ұлы Иесінің, қазақтай ұлы халықтың тағдырымен ойнамаңыздар! Ғасырлар бойына қалыптасқан Ұлттық құндылықтарымызды құлдыратып, ұрпақты ұятынан айырып, құрту саясаты тоқтатылсын!
Үнсіз қалмай үн қосыңыздар, ағайын!