СУРЕТІМЕ ҚАРАП…

Томпиясың бірақ, түңілмейсің.
Жалғыз қалғанда… суретіме қарап,
Жымиясың жаным, күлімдейсің.

Мені ойлап солай күн кешесің,
Өмірімді менің нұрлы етесің.
Жалғыз қалғанда… жымиясың да,
Суретіммен менің тілдесесің…

Әзірлер ем деп ұнаған асын,
Халіңді бүгін сұрамағасын,
Жалғыз қалғанда мұңаясың да,
Суретіме қарап жылап аласың.

Қолға түсерсің, аямаймын деп,
Қызғанғанымды қоя алмаймын деп,
Қорқытасың да… жалғыз қалғанда,
Суреттегі мені аялайсың кеп.

Суретте көзің қысық деп едің,
Қаласаң басқа түсіп берейіін.
Суретке қарап шаршасаң шақыр,
Құс болып саған ұшып келейін!

Әділбек ҚАБА
(«Махаббат маусымы» топтамасынан)