Тәуелсіздік тартуы
Бүгін ел үшін теңдессіз тәбәрік Тәуелсіздік күні қарсанында Шу ауданында бірнеше нысан пайдалануға берілді. Атап айтатын болсақ олар Қордай ауданымен шекаралас Көкқайнар ауылдық округінде ауысымына 15 келушіге арналған құрылыс құны 34 900 ,0 мың теңге фельшерлік-акушерлік пункті ашылды.
Аудан орталығы Төле би ауылының батыс аймағында орналасқан құны 2 млрд. кәріз жүйесін және жабдықтарын қайта жаңғырту нысаны ашылып, 25 мекем осы кәріз жүйесіне қосылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар бұл нысан кәріз жүйесінен келіп түскен суды тазалап, техникалық пайдалануға мүкін береді.
Жұма күні Шу қаласының жаңа тұрғындары қуанышқа кенелді. Себебі «Жетісу» тұрғын алабының №4 үйдің 75 пәтері өз иелеріне табысталды. Енді бұрын бос тұрған 5 қабатты үйге жан бітіп, тұрғындармен тотыдай құлпырды. 2 жылда жөнделген тұрғын-үй өзінің жылуымен, жайлылығымен көптін көңілінен шықты. Қоныс тойын тойлаған қалалықтардың жүзіндегі шаттықты айтып жеткізу мүмкін емес.
Шу қаласы әкімдігінің ғимаратынде енді «Сотқа дейін татуластыру орталығы» бар. Шу аудандық сот пен әкімдіктің бірігумен құрылған кабинетте бітімгерлер бас қосып, дау-дамай мен түсініспеушілікті бейбіт жолмен шешетін болады. Аталған орталықтың ашылуына Жамбыл облыстық сотынан өкілдер келіп, қуанышқа құтты болсын айтысты.
Меркі-Шу-Бурылбайтал республикалық мәндегі жолда орналасқан Бәйдібек ауылында да жаңа денсаулық сақтау мекемесі ел игілігіне берілді. Ауысымына 5 келуші сиятын фельшерлік амбулаториялық пункті 8 айда құрылысы аяқталып, бөлінген 26 553 000 теңге толықтай игерілді.