ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА АРЫСТЫҚ 108 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі БАҚ өкілдері үшін Арыс қаласына пресс-тур ұйымдастырды. Онда журналистер Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жаңадан пайдалануға берілген көпқабатты тұрғын үй және бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылу рәсіміне қатысты.
Алдымен тілшілер «Көктем-2» тұрғын ауданына аялдады. Онда 36 пәтерлік үш бірдей көпқабатты тұрғын баспана кезегінде тұрған азаматтарға берілді. Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Т.Сәрсембаев тұрғындарды мерекемен құттықтап, 108 пәтердің кілтін қуаныш иелеріне табыстады.
Үш қабаттан тұратын нысандардың жалпы сметалық құны 841 млрд. 781 млн. теңгені құраған. Құрылыс жұмыстары 2017 жылы басталып, биыл аяқталған.
Сондай-ақ, мереке қарсаңында аталған мөлтек ауданның маңында жаңа спорт алаңшасы ел игілігіне берілді. Жобаның жалпы сметалық құны 60 млн. теңге. Балаларға арналған алаңшаның құрылыс жұмыстарын «Самұрық – Қазына Транс» АҚ-ның тапсырысымен мердігер «Мастер – Қазстрой» ЖШС жүргізген.
Одан бөлек, журналистер абаттандыру жұмыстарынан өткен қос бірдей саябақты аралап көрді. Әл-Фараби көшесі бойында орналасқан «Құрметті азаматтар» саябағын абаттандыру жұмыстарының сметалық құны 46999,74 млн. теңгені құраған. Құрылыс жұмыстар өткен жылы басталып, биыл аяқталып отыр. Онда ағаштар отырғызылып, орындықтар мен жарықшамдармен қамтылған. Осы көшенің бойындағы абаттандыру жұмыстары жүргізілген «Мәңгілік ел» саябағы да елдің қуанышына айналып отыр. 79677, 135 млн теңге
Жалпы Арыс қаласында мерекеге орай қалада 16 нысан ел игілігіне берілді. Атап айтқанда, үш білім, екі саябақ, үш тұрғын үй, бір спорт алаңшасы, екі бірдей көпір, және екі нысан электр энергиясымен жабдықталып, бірнеше аумақтарға абаттандыру жұмыстары жүргізілген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі