«Тұғыры биік –Тәуелсіз Қазақстан» атты мерекелік концерті өтті

Жақында Достық үйінде «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан» атты мерекелік концерті өтті.

Қазақстан Республикасының әнұранымен басталған шараға «Қоғамдық келісім» КММ-сінің өкілдері, этномәдени  бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері, қала жастары мен тұрғындары және бақ өкілдері қатысты.

Шараның ашылуында Бүкіләлемдік қазақтар Қауымдастығының Атырау облыстық филиалының төрағасы Әлімгереев Өтепберген Әлімгерейұлы барша қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мерекелік шарада Атырау қаласының таланттары, соның ішінде «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы, «Шексіз таланттылар» мектеп-театры жобасының авторы, көркемдік жетекшісі — балетмейстер Г.Байкенованың шәкірттері, «Балет Атырау» балет студиясының бишілері мен халықаралық, республикалық байқаулардың Гран при жүлдегерлері,  «Тансари» Мюзик-шоу театрының бишілері,  «Сюрприз» хореографиялық ансамблінің әншілері мен бишілері,  «Татулык» хореографиялық ансамблінің республикалық конкурстарының лауреаттары өнер көрсетті  және «Татулық» хор ұжымының орындауында баянның сүйемелдеуімен  қазақ, татар тілдерінде әндер шырқалды.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың желтоқсан айында Мәскеу қаласында өткен Халықаралық еріктілер форумында делегат болып қатысып келген «Шексіз таланттылар» мектеп-театрының солисі, Атырау облысы бойынша еріктілер тобының қатысушысы Жанар Дәулет сөз сөйлеп, мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірге деген құштарлығы мен шығармашылық таланты туралы ой қозғап, барлық қатысушыларды мерекемен құттықтады және «Шексіз таланттылар» мектеп-театрының бишілері мен халықаралық конкурстардың лауреаттары көпшілікті өз өнерлерімен тәнті етті.

Шараға барлығы 150-ге жуық адам қатысты.

                                    Атырау облысы әкімі аппаратының

                                    «Қоғамдық келісім» КММ-нің

                                     баспасөз қызметі