ҰЛЫ ДАЛА:  УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК

Баяндамашы — Серік Ерғали, Педагогика ғылымдарының магистрі, мәдениеттанушы.

Тезистер

Мақсат —  салт аттылар өмірінің Уақыт пен Кеңістіктегі көрінісін ғылыми-тарихи фактілерге сүйене отырып, көшермендік өмір үлгісі  мен танымдары арқылы ашып көрсету.

Көшермендер Уақыт пен Кеңістікті қалай бағалап таныды? Оны қалай игерді?

Аттылар мәдениеті мен өркениеті неден көрініс табады?

Уақыт пен Кеңістегі Күн мен Түннің, Жарық пен Түнектің, ақ пен қараның, жақсылық пен жамандықтың, аталық пен аналық негіздердің үйлесімі.

Суперкеңістіктің мифологиялық сипаты:  Орда мен Бәйтерек.

Бәйтерек ұғымы аттылар өмірінде қалай бағаланды және ол нені білдірді?

Суперуақыттың мифологиялық сипаты – Мүшел.  Онекі жылдық мүшел ұғымы.

«Мәңгі ел» танымы: он екі сақ ұғымы.

Шынайы өміршең супердүлейлер/стихиялар көрінісі: тау — ауа, өзен-көл — су, орман – от , дала — топырақ секілді ұлы табиғи нысандар жиналып Ұлы даланы құрайды.

Ғаламдық дүлейлердің көшпелі өмірдегі сипаты.  Су, От, Топырақ, Ауа/жел дүлейлері қазақ танымында.

Наурыз, Сабатой, Сабантой, Нартуған мерекелері қандай танымдарға негізделген?

Нартуған: Жарық мәңгілігінің салтанаты. 22-25 желтоқсан күндерінің түркілер танымындағы мәні.

E-mail:  erserik@gmail.com