Діннің иесі Алла
Дінді Алла Тағала жібереді. Алла Тағаладан басқа ешкімнің дін орнатуға ақысы жоқ. Діни үкімдерді өзгертуге немесе мүлде алып тастауға ешкімнің құқығы жоқ.
Пайғамбарлар Алла Тағаланың айтқанынан басқа өздерінің жанынан ештене де қоспайды. Таза Алланың дінін жеткізеді. Мысалы қазіргі кейбір діндерде адам баласын құдай деп табыну, дінге адамдардың кейіннен қосқан, өзгерткен, қосымша пікірлерінен байланысты туындаған. Дін міндетті түрде уаһиға сүйенуі керек.
Құранда айтылған үлкен төрт періштенің бірі Жебрейіл а.с. әкелуі мен адамдар арасынан пайғамбар етіп таңдап алған кісіге, яғни пайғамбарға Алла Тағаланың қалаған әрбір бұйрығын тез арада және өте анық, сенімді түрде жеткізіп береді. Мұны уаһи деп айтамыз.
Әрбір адамның көрген нәрсесін маған пайғамбарларлық келіп жатыр деп айтпауы үшін, Алла Тағала өзінің пайғамбар етіп жібереген адамдарына өзгелердің қолынан келмейтін мұғжиза жасау кереметін берген. Әрбір пайғамбардың ешбір адамға ұқсамайтын керемет көрсету яғни, мұғжиза көрсету қабілеті бар болғандығын білеміз.