ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕ» АШЫЛДЫ
Түлкібас ауданында халыққа қызмет көрсететін «Халықтық кеңсе» ашылды. Жаңадан ашылған мекеменің ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, аудан тұрғындарын құттықтады.
«Елбасымыз айқындап берген «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың 4 бағыты бар. Сол бағыттардың үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру болып табылады. Бүгінгі мекеме аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында есігін айқара ашып отыр. Мұнда азаматтар 100-ге жуық мемлекеттік қызмет түрін ала алады. Автоматтандырылған жүйемен жұмыс істейтін кеңседе азаматтар бұрынғыдай көп уақыт жоғалтпайды. Ең бастысы қызмет түрлері жоғарғы сапада көрсетілетін болады. Мекеменің ашудағы негізгі мақсатымыз да сол», – деді Жансейіт Қансейітұлы.
«Халықтық кеңседе» аудандық әкімдікке қарасты 8 дербес бөлім 96 түрлі қызмет көрсетеді. Мекеме халыққа бір терезе қағидаты бойынша қызмет көрсетеді.
Айта кетейік, бұған дейін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мақсатында аудандық соты да «Халықтық кеңсе» ашқан.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі