Жаңа жылға арналған мерекелік шара өтті

«Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Жаңа жылға арналған мерекелік шара өтті.

Мерекелік шарада «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің, «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің, «Довира» украин  этномәдени бірлестігінің, «Светоч» славян этномәдени бірлестігінің, «Тхоньиль» корей этномәдени бірлестігінің мүшелері және орыс, славян, казактар бірлестігі қауымдастығының Атырау облыстық филиалының «Зоренька» шығармашылық ұжымы  өз өнерлерін ортаға салды.

Сондай-ақ халықаралық, республикалық, облыстық фестивальдарының жүлдегері, жас талант иесі «Таврос» армян этномәдени бірлестігінің әншісі Лиана Плузян, «Тхоньиль» корей этномәдени бірлестігінің мүшесі, Атырау облысына танымал әнші Ольга Кван да қазақ тілінде әндер шырқап, көпшілікті тәнті етті.

Шараға қатысқан барлық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері осы жылда «Қоғамдық келісім» КММ-менбірлесе атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, барша қонақтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Соңында «Тхоньиль» корей этномәдени бірлестігінің мүшелері «Спасибо Казахстан!» әнін шырқады.

Атырау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ-нің

Баспасөз қызметі