Әркімге бірдей жаға алмайсың
– Жұрт не айтар екен? – деп жасырын адам қойыпты. Күнде екі-үш ауылдан келіп той ұзаққа созылады.
– Па, мынау байлығын бір көрсетті, күнде той. Тамағы май, жей алмадық, – деп жұрт жақтырмапты.
– Не деді ел? – деп хан сұраса:
– Хан байлығын көрсетті. Еті семіз, тамағы май болып, жей алмадық деді, – дейді тыңшысы.
Хан келесі жылы елді сынамақ болып тағы той жасады.
– Майлы етті азырақ салыңдар, сойыс мал семіз болмасын, – дейді.
Ел тағы келеді:
–Уай, бұл хан жас күнінде жетім боп өскен кедей еді. Бұл баяғы кембағалдығын танытты, –дейді халық берген етін арықсынып.
–Бұл – әркімге бірдей жаға алмайсың деген мысал сөз. Бірақ, бірдей бола алғанға не жетсін. Бар қажыр-қайратты, ақылды соған жұмсау керек, – деп доғарыпты Төле би.