Қазақтың рухын көтерген ұлттық cпорт түрлері мен ойындарын ұлықтайық
Тұрмыс-тіршілігі мал бағып, аң аулаумен өткен, жаугершілік заман- да өмір сүрген қазақ халқының тарихында елі мен жерін жаудан қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу ұлттық маңызға ие мемлекет- тік мәселе дәрежесіне көтерілген. Ондай сайыстарда тұлпарларымыз көрнекі орын алған. Бүгіндері ат спортындағы кейбiр ұлттық ойындар олимпиада бағдарламасына енгiзiл- ген. Осылардың ішінде ұлттық спорттың бренді саналатын қазақ күресінің де алар орны ерекше.
Қазақ күресі — қазақ халқымен бірге жаса- сып келе жатқан, ұзақ тарихы бар спорттық сайыс түрі. Онда ер-азаматтың бойындағы жеке күш-қайраты мен әдіс-айласы сынға түседі. Күреске ниет еткендердің бәрі үлкен-кіші демей қатыстырыла береді. Атам қазақ жұрт алдында шаршы алаңға белдесуге шыққан талапкерлерді «Күш — атасын танымас» деп қайрап, жас балуандарға зор қолдау көрсетіп отырады. Шын мәнінде бұл — күштілерді дарақылыққа итермелеу емес, қайта қайтпас қайсарлыққа, өжеттік пен намысқойлыққа баулу. Күрес қазақ арасында күні бүгінге дейін сақталып келеді. Халық оның тәлімдік маңызына ерекше көңіл бөліп, дәріптейді.
Аламан бәйге. Мұнда жүйрiк жарыс аттары 25-100 шақырымдық қашықтыққа шабады. Оның жолында айналып өтетiн көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергiлi жерлер болуы қажет. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жария- ланады.
Көкпар — ұлттық ат спорты ойыны. Этнографтардың айтуынша, оның әуелгi ата- уы «көк бөрі» сөзiнен шыққан болса керек. Бұрындары мал баққан көшпелi халықтар көк бөріні соғып алғанда, өлiгiн ат үстiнде сүйрелеп, бiр-бiрiнен ала қашып, мәз-мейрам болысады екен. Кейiн ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар — Орта Азия халықтарының көпшілігінің сүйiктi ойыны. Көкпар жаппай тар- тыс және дода тартыс болып, екiге бөлiнедi. Екеуінде де ат пен жігіт сынға түседі. Қазір көп жерде дода тартыс қана ойналып жүр. Жеке тартыс әдісі ұмытылған не іске қосылмаған. Көкпардың бұл түрі — көрерменді қызыққа бөлейтін әдіс. Жеке тартыстың шарты бойынша қарсылыстар өз тобынан екі-екіден тартыскерлер шығарады. Сайланған төрт жігіт елге өздерінің қайрат-күшін танытады. Тартылатын серкені бір бала өңгеріп алып, алдын ала сарапшылар белгілеген бір жарым шақырымдай жерге апарып тастайды. Тартысқа шыққан жігіттер серкеге барғаннан кейін таласа-тар- маса тұрып, жерден іліп алу амалын жасайды. Қайсысы бұрын іліп алса, тақымына басып, қарсыласына ырық бермеуге тырысады. Ол да жармасып, бос сирақты тақымға басып, тартыса бастайды. Серіктері жолдастарын жебейді. Қайсысы көкпарды жұлып алса, серігіне береді. Ол топтан жырылып ала қашады. Қарсыласы қуады. Жетіп ұстаса, қайта тарты- сады. Сөйте-сөйте көрерменге жақындайды. Осы арада көкпарды жұлып алған жігіт тез қимылдап, қарсылас топқа апарып тастайды. Ал аты ұшқыр, жүйрік жігіттер түптегі тартыста- ақ серке қолына тисе, жеткізбей кетуі мүмкін. Көкпар тартуға араласа алмайтын қарттар, балалар көкпаршы жігіттердің осы ойынынан ләззат алады. Біраздан кейін серкенің терісі жыртылып, сүйегі сөгіле бастайды да, ел жапа- тармағай тартысқа кіріседі. Бұл дода деп аталады. Мұнда да мықты жігіттер мен қарулы ат көзге түседі. Мықты жігіттер жүйрік атты жігіттерге топтан көкпарды шығарып береді. Олар ала қашып, ерекше бір жақсылығы бар үйге апарып тастайды. Салт бойынша ол үй жаңа көкпар береді. Осыдан арғы көкпардың бәрі дода әдісімен өтеді. 1949 жылы елiмiз- де көкпар жарысының жаңа ережесi бекiтiл- дi. Алаң көлемi қатысушылар санына сәйкес. Егер әр комада 5 адамнан болса, алаңның аймағының ұзындығы 300 метр, енi 100 метр; 10 адамнан болса, 500х200 метр; 15 адамнан болса 700х300 метр; 20 адам болса, 1000х500 метр. Көкпарда басы кесiлген серке тартылады.
Аударыспақ — қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мiнген екi жiгiт жекпе-жекке шығып, бiрiн-бiрi аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегiз жастан асқан қарулы жiгiттердiң қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесi бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады. Бұл — ептiлiктi, күштiлiктi, тапқырлықты, батылдықты талап ететiн спорттық ойын. Оған қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнайтын икемді де білекті жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастыруға машықтандыру үшін пайдаланылған. Аударыспақ қазіргі кез- де де шопандар тойында, мерекелерде спорт ойынның бір түрі ретінде көрсетіліп, қалың көрермен қауымның көзайымына айналып жүр.
Мойын арқан — білекті жігіттердің күш сынастыратын жекпе-жек сайысы. Жігіттер тойда, жазғы сауықта сайысқа түседі. Оған көгал алаң таңдалып, ұзын арқанның екі ұшы тұйықталып түйіледі. Алаңның ортасынан белгі үшін белдеу сызық сызылады. Қос қанаттан ұзындығы тепе-тең мөлшерде сайыскерлер тұратын меже белгіленеді. Сайысқа қалаушылардың бәрі түседі. Сарапшылар олардың шама-шарқын мөлшерлеп, теңдесімен тартысқа түсіреді. Ойынды басқарушы тұйықталған арқанды сайыскерлердің мойнына кигізіп, екі саласын қолтықтың астынан өткізеді де, тартысушыларды жерге тағандатып қояды. Белгі берілгенде екеуі екі жаққа қарай тартуы керек. Дайындық шаралары біткеннен кейін бастаушы тартысқа рұқсат етеді. Сайыскерлер бірін-бірі шегін-шектетіп сүйрей жөнеледі. Алаң ортасындағы белдеу сызықтан қарсыласын шегіншектете сүйреп өткізген сайыскер жеңімпаз деп танылады.
Қыз қуу — тегіс жерде өткізіледі. Сайыс мәресі арасындағы бұрылыстарға бақылау пункті ретінде жалауша қадалып қойылады. Қыз бен жігіттен екі-екіден жұптар жасақталады. Сөре желісінде қыз жігіттен 15 метрдей алда тұрады. Төрешінің белгісі бой- ынша ойыншылар бір мезетте сөреден шығып, шаба жөнеледі. Ойынның шарты бойынша қыз бұрылысқа бірінші болып жетуі керек, жiгiт ай- налып қайтатын жерге дейiн қызды қуып жетiп, оның бетiнен сүюге тиіс. Бұл — жiгiттiң жеңгенi. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жi- гiттi, оның атын қамшының астына алады. Бұл — қыздың жеңгенi. Екеуі де осы жарыс үстінде өздерінің тапқырлығын, сынаптай сырғыған ептілігін, шабандоздық шеберлігін таныта білулері керек. Қазір бұл ойынның ережесi жасалып, бiр жүйеге келтiрiлдi. Қазақстанда қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткiзiлдi. Содан берi мерекелiк бағдарламаларға енгiзiп келедi.
Теңге ілу — бозбалалар мен жігіттердің қатысумен өтетін ат спорты ойыны. Көбіне қыз ұзатылатын және сүндет тойларының думанында ойналады. Мұнда жігіттің атқа мықтылығы, ат үстіндегі икемді әрекеті, денесін игеріп, би- леп алған ептілігі сынға түседі. Теңгені іліп ала алмай, аттан ауып қалып жататындар да көп болады. Кейде ол бір ауылға келін ұзағырақ жылдардан кейін түсіп, беті ашылғаннан кейінгі сайранда ырым үшін де ойналады. Сонда жас келін өзінің шолпысын не алқа күмістерін орамалға түйіп, бір қарыстай терең қазылған, қолдың басы ғана сиятын шұңқырға салып қояды. Сәйгүлік мінген жігіттер жүз, жүз елу метрдей жерден екпіндете шауып келіп, сол ағынымен шұңқырдағы орамалды іліп әкетуге тиіс. Шұңқыр тұсында іркіліп, тоқтауға не аттың шабысын бәсеңдетуге болмайды. Кімде-кім орамалды іліп әкетсе, оны өзіне тартылған жас келіннің тарту сыйы деп біледі. Оны өзі алып қалмайды, қалаған адамына сыйлайды. Бұрындары қазақ жiгiттерi атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезектi түйреп алып көкке лақтырып жiберiп, оны жалма-жан сол қылышымен екiге бөліп шауып түсiретiн.
Алтын қабақ — мергендер сайысы. Жiгiттер садақ жебесiн нысанаға әрі тез, әрі дәл тигi- зуге тиіс. Бұл сайыс үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып өткiзiледi. Алтын қабақ сайысының түрлерi: жаяу немесе ат үстiнен сырық басындағы теңгенi атып түсіру, жоғары лақтырылған қалпақты, басқа да заттарды атып түсіру, ат үстiнде шауып келе жатып нысанаға дәл тигiзу. Мергендер сайысының тағы бiр түрі — жамбы ату, садақ тарту.
Этнограф ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бiзге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы қазақ жерiнде б.з.д. бiрiншi мыңжылдықта-ақ қалыптасқан екен. Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлiнедi. Олардың негiзгiлерiнiң өзі жүзден астам. Аңға байланысты ойындарға: ақсерек-көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кiрпiше қарғу, қасқұлақ, ордағы қасқыр. Малға байланысты ойындарға: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыртеке, түйе мен бота. Түрлі заттармен ойналатын ойындарға: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшiк, алты бақан, арқан ат- тау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, айкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, ептi жiгiт, жаяу көкпар, жемекiл, жiгiт қуу, жi- гiт ойыны, күзетшiлер, күмiс алу, қамалды қорғау, қараша, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдiк), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кiмнiң дауысы, таяқ жүгiрту, тепе-теңдiк, тобық, тұтқын алу, түйiлген орамал, шалма, шертпек, шiлдiк, хал қалай? Зеректiлiктi, ептiлiктi және икем- дiлiктi қажет ететiн ойындарға: айгөлек, ай- дапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөрiк тастамақ, бұқатартыс, бұрыш, жасырынбақ, жаяу жарыс, көршi, қарамырза, қассың ба, доссың ба? ақ сандық-көк сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымал- дау, тең көтеру, тымпи, ұшты-ұшты, үй үстiндегi кiм? шымбике т.б. жатады. Енді салт-дәстүрлік ойын түрлеріне келсек. Бастаңғы — ауылдағы үлкен кісілер бір жаққа қонаққа немесе басқа себептермен кет- кен кезде қыз-келіншектер бас қосып, бір үйге жиналады. Қазақ салтында ерулік, ас беру, сүндет тойы секілді кәделер аса қадірлі іс. Сон- дай кәденің біріне шақырған кісінің ниетін сый- лап, шақырылған ауылдың үлкен кісілері түгел баруға тырысады. Қыз балалар ондайда оңаша қалады. Сонда бастаңғы ойынын бастайды. Емін-еркін ойнап-күліп, қысылып-қымтырылмай сырласады. Бұл ойынға қыздардың қалауы бойынша жас жеңгелері де қатысады.
Бастаңғы — қыздардың үй іші шаруасында өз бетімен еркін әрекет етуінің бір шарасы. Бастаңғыға жиналған қыздардың әрқайсысы тәтті- дәмдіні, құрт-майды үйден ала келіп, ортақ дастарқанға салады. Тамақты өздері әзірлейді. Бұл ойынның астарында үлкен тәрбиелік мән бар. Қыздар осы ойын арқылы қонақ күтудің, табақты мүшелеп тартудың жөнін үйренеді. Тағы бір шарты — өлең айтылмайды, шу болмайды. Алайда басқа ойын ойнап, көңілдерін көтереді. Үлкен кісілер байқаусыз келіп қалып, көздеріне түспеу үшін құрт-май, тәтті беріп, үй маңында сенімді, тіл алғыш балаларды қарауыл қ а р а т ы п қ о я д ы . Өйткені бұл қ ы л ы қ т а р ы н үлкен кісілердің бі- ліп қоюын әбестік деп ұғады. Бастаңғы — қазақ қыздарының ежелден келе жатқан дәстүрлі ойыны.
Алтыбақан — қатысушылар санына шек қойылмайды. Алтыбақан далада, алаңда, алаңқайда көбіне көктем, жаз кеште- рінде өтеді. Алтыбақанды әзірлеу және ойын шарты: тербелетін тұғыр жасау үшін ұзындығы 3,5-4 метрлік алты бақан және үш мықты арқан керек. Алтыбақан әрқайсысы үш-үштен мосы тәрізді етіліп ара қашықтығы 50-70 сантиметрге жерге төбелері түйістіріліп орнықтырылады да, оған көлденең арқалық ағаш байланады. Ал үш арқанның ұшын сол көлденең арқалыққа бекітеді. Арқанның ұзындауы аяқ тіреуге, қалған қысқалау екеуі отыруға бейімделеді. Әдетте қыздар мен бозбалалар жұп- жұп болып, алма-кезек ауысып тербеледі де, әуелете ән шырқайды. Қалған ойыншылар өз кезектері келгенше әнге қосылып, көңілді күлкі, шат думан түннің бір уағына дейін созылады.
Ақ сүйек — ай сүттей жарық түндері, жазды күні қыздар мен жігіттер, балалар араласып ойнай береді. Ойынға ерте кезде ірі қараның қу жілігі пайдаланылған. Күн көзінде ұзақ жатқан жіліктің құрғап, ақсөнке болып қалатыны белгілі. Ол кез келген жерден көзге ұшырайды. Соған орай ойын да «Ақсүйек» атанған. Ойынға келгендер екі топқа бөлінеді. Баста- ушы ақсүйекті әуелетіп, алысқа лақтырады. Басқалар ай сәулесіне шағылыса жарқылдаған ақ сүйектен көз айырмай қарап, қай шамаға түсетінін бақылайды. Ақ сүйек жерге түскен соң, бастаушы: «Ал, іздеңдер» деп бұйырады. Бәрі іздейді. Ақ сүйекті тапқаны: «Мен таптым!» деп айқайлайды да, ақ сүйекті жоғары көтеріп көрсеткеннен кейін сөреге қарай жүгере жөнеледі. Қарсыластары оны қуып жетіп ұстап алуға тиіс. Ұсталып қалса, ол ақсүйекті өзін ұстаған ойыншыға береді. Ол әрі қарай жүгіреді. Сөйтіп, ақ сүйекті қай топтың ойыншысы сөреге жеткізсе, қарсы топтағылар жеңілген есебінде ән салып береді. Ойын осылайша жалғаса береді.
Тымпи — ойынға қатынасушылар шеңбер жасап, дөңгелене отырады. Біреуін ойынды жүргізуге белгілейді. Ол: «Ал, ойынды бастаймыз, бәрің түгел тым-тырыс тымпи!» — деп бұйырады. Бұдан кейін бірде-бір ойыншы ды- быс шығармауы, үн қатпауы керек. Алайда ба- стаушы ғана сөйлеуге ерікті. Ол адам күлерлік қимыл-қозғалыспен әзіл-қалжың сөздерді айтып, қалай да біреуді күлдірудің амалын іздейді. Әзілі де, сықағы да өтпесе, бет-аузын тыржыңдатып, қолапайсыз қимылдармен құбылыстар жасап қозғалады. Жаңылыстыру үшін неше алуан сұрақтар қойып, көздеріне төнеді. Біреу абайсыз жаңылып сөйлесе не күліп жіберсе, айып тартады. Өлең айтады, ән салады не би билейді. Сондықтан ойынды жүргізуші тілмәр, әзілкеш, күлдіргі болуы ке- рек.
Ине жасырмақ — жастардың бас қосуында, көбіне үйде ойналатын ойын. Қажетті бұйымдар: ине және домбыра. Басқарушы ойыншының біреуі бөлмеден шығып кетеді де, үйде қалған екіншісі инені өз бойындағы киіміне жасырады немесе басқа біреуге береді. Белгі бойынша үйге қайта оралған іздеуші инені іздеуге кірі- седі. Іздеуді жеңілдету үшін музыкант домбы- рада ойнап отырады. Іздеуші инесі бар кісіге жақындаған не алыстаған сайын домбырашы оны әр қилы сарынмен бағыттап, дәлдеп отырады. Нысанға дөп келген іздеуші ине осында- ау деген кісіні әбден тінте тексеріп, инені табуға тырысады. Ине жасыра алмаған адам кәде бойынша ән салып, не әзіл айтып айып төлейді. Ал табылмаса, іздеушінің өзі айып тартады.
Тоғызқұмалақ — жарыстың жеке кісілік, жеке командалық және командалық түрлері бар. Тоғызқұмалақты арнайы ағаштан жасалған төрт бұрышты тақтада ойнайды. Тақтаның екі қатарға тоғыз-тоғыздан ойылған сопақша кел- ген ұясы (оны кіші отау деп атайды), әр қатар үшін бір-бірден жасалған екі қазан (үлкен отау) болады. Олар ақ пен қара түске боялады. Әр ойыншыға 81-ден, екі ойыншыға 162 құмалақ (оның бұршақ, жүгері дәні болуы мүмкін) бе- ріледі. Олар әр ұяға 9-дан орналастырыла- ды. Тоғызқұмалақты тақтада немесе қалың қағазға ұялар мен қазанның кескінін сызып та ойнайды. Тіпті болмаған жағдайда ұяларды жерден қазып та ойнай береді. Әр ұяның 1- ден 9-ға дейін өзінің реттік саны болады, олар солдан оңға қарай есептеледі. Әр ұяның оң жақ (1-ден 4-ке дейін) және сол жақ (6-дан 9- ға дейін) қапталы бар. 5-і ұя орталық ұя деп аталады. Ойын ережесі: тоғызқұмалақтың партиясы ақ пен қараның кезектесіп отыратын жүрісінен тұрады. Ойынды бастаушы өзінің кез келген отауына бір құмалақты ғана қалдырып, өзгесін қолына алып, оларды сағат тіліне қарсы жақтан бастап, бояу түсіне қарамастан бір-бір- леп ұяларға салады. Егер ең соңғы құмалақ түскен бәсекелестің ұясындағы тас саны (2, 4, 6, 8, 10 т.б.) жұп болса, онда ойыншы сол ұядағы құмалақты түгел алып, өз қазанына ау- дарады. Ойынның барысында ойыншылардың біреуінің ұясында 2 құмалақ қалса және оған серіктесі жүріс барысында өзінің ең соңғы тасын түсіріп үлгерсе, ол үш тасты түгел алады да, ұя ойын аяғына дейін «тұздыққа» айналады. Содан әрі қарай сол ұяға түскен тастар «тұздық» иесінің қазанына көшіп отырады. Әр ойыншы өз қарсыласының жағында тек бір ғана «тұздыққа» ие болады. Қазанына 82 құмалақ жинаған ойыншы ұтады.
Асық ойыны негізінен ер балаларға тән. Асық ойнау үшін керекті құралдың ең негізгі- сі — сақа. Әдетте оны үлкен оңқай асықтан шіге жағынан қорғасын құйып ауырлатып, тәйке жақ табанын, шіге жақ бетін тегістеп, оң қолға ұстап асық атуға ыңғайлап жасайды. Асық ойынын жаздыгүні тақыр жерде ойнай- ды. Бір-біріне қарсы екі бала не бірнеше бала екі топқа бөлініп ойнаулары мүмкін. Ойынның негізгі шарты — бір-бірінен асық ұту. Асық ойынының үштабан және алтыатар деп атала- тын өте кең тараған түрлері болған. Үштабан ойнау үшін тақыр жерге көлденең сызық сы- зылады да, оған әр ойыншы бір-бірден арасын сиректеу етіп кеней тігеді. Содан соң ойнаушы балалардың барлығының сақаларын біреуі жиып иіреді. Кімнің сақасы шықса, сол бірінші болып сақасын көннен алысырақ жерге иіре- ді. Сақасымен тігулі кенейді атып, үштабаннан артықтау жерге жіберуі керек. Ол үш табаннан кем, я болмаса сақасы кенейге тимей кетсе, ойынды сақасы шыққан келесі ойыншы ба- стайды. Ойын көндегі кенейді ұтып біткенше созылады. Алтыатар ойыны бұдан басқаша. Көндегі кенейлердің бір шетіне түпте қалған (сақасы шықпаған) баланың сақасы тігіледі. Кенейдің арасында саңылау болмай, тіркестірі- ле қойылады. Көннің екі жағына 1 м жерден су (сызық) ал 5-6 м жерден қарақшы белгілейді. Кімде-кім түптегі сақаны жұлып кетсе (судан шығарса), бүкіл кенейді сол алады. Ал сақаға тимей, кенейді ұшырса, оның судан шыққаны ғана соныкі болып табылады. Ату саны — 6 рет. Алғаш сақасы шыққан бала, қалғандары одан кейінгі кезекте атады. Алты рет атыстан қалған кенейдің бәрі түпте қалған баланікі болып есептеледі.
Ақшамшық (сақина салу). Бұл — қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу, сақина тастау деп те айтады. Ойынға он-он бес адам қатысып, ортаға бiр жiгiттi немесе бiр қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесi бой- ынша қыз-жiгiттер үйде дөңгелене отырып, екi алақанын бiр-бiрiне қабыстырып алға со- зады. Ойынды жүргiзушiнiң алақанындағы сақинаны кiмге салса да өз еркi. Ол барлық адамдардың алақанына сақина салған бо- лып шығысымен, «тұр сақинам, тұр» деп немесе «ақшамшығымды бер!» деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам «сақина менде» деп орнынан атып тұруға тиіс. Оны көршiсi ұстай алмай қалса, жұрт алдында өз өнерiн көрсетедi. Кейбiр кiтаптарда сақина тастау ақшамшық емес, ақшымшық деп те жазылып жүр.
Ерғали Мұхиддинов,
ҚазСТА-ның Ұлттық спорт түрлері кафедрасының меңгерушісі,
п.ғ.к, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы