Қазақ үшін қамшы – серт
ҚАМШЫ — Ұл болсаң қолыңда, Құл болсаң төбеңде ойнайды! Қазақта «қамшы ұстату» деген сөз, «қамшы ұстатар» деген дәстүр бар.
«Қамшы ұстату» – билік беру деген сөздің баламасы. «Қамшы ұстатар» – атадан тараған ұрпақтың бір аты. Атаның балаға қамшы беруі – үлкен дәстүр, үлкен философия… «Ендігі қамшы ұстар – өзіңсің» – деген емеурін-тілеу. Қазақ үшін қамшы – серт. Себебі қамшы – билік нышаны.