ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНА 500-ДЕН АСТАМ ЖАС ТАРТЫЛАДЫ

 

         Елбасы кеше Жастар жылының ашылуы барысында жаңадан құрылған  Түркістан облысына  ерекше назар аударды. Осы орайда жалпы жастардың киелі шаhардағы құрылыс жұмыстарына еңбек сіңіру қажеттігін атап айтты.

         «Қазір бүкіл Қазақстанда ауқымды құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Үйлер, зауыттар салынуда. Біздің жас кезімізде, студент кезімізде арнайы студенттер отряды деген болатын. Демалыс кезінде жұмыс істеп, қомақты ақша табатынбыз. Осыған байланысты құрлысы жұмыстарына жастарды тартуды тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.

         Мемлекет басшысы Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында құрылыс қарқынды жүріп жатқандығын жеткізді.

         «Түркістан облыс орталығы ретінде таяу жылдары үлкен қала болады деп отырмыз. Оның құрылысына жастар атсалысуы керек. Үкімет облыс әкімімен бірлесіп, бұл мәселені бақылауға алуы тиіс», – деді Елбасы.

         Бүгінде Елбасының  ұстанымын үлгі тұтқан жастар Түркістан облысының құрылысына қатысып,  өңірді гүлдендіруге сақадай-сай.

         Түркістан облысында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жыл сайын  1275 жас жұмыспен қамтылып отыр. Ал, дипломмен ауылға жобасы аясында 913 жас маман жұмысқа орналасса, ал 314 маман баспанаға ие болды.

         Елбасының Жарлығына сәйкес жастарға әлеуметтік қолдау мақсатында биыл аудан, қалалардағы 500-ден астам жасты Түркістан қаласында салынып жатқан құрылыс жұмыстарына тарту үшін «Түркістан жастар құрылыс жасағы» құрылды. Қазіргі таңда, мердігер компаниялармен келіссөздер жүргізіліп отыр.

         Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі