ҚАНДАЙ ЖАҚСЫ, ДҮНИЕДЕ СЕНІҢ БАРЫҢ…
Ай маңдайлым, аруым, жаным, бағым,
Қандай ғажап, дүниеде сенің барың.
Ай да аспанда нұрланбас, Күн болмаса,
Күнім сенсіз дүние бос, жаным жарым.
Сені ойласам, от болып жалындадым,
Өзің болдың арманым, сағынғаным,
Ғашықтықтың таттым да лағыл дәмін,
Махаббаттан бойтұмар тағынғамын.
Мен де сендей махаббат торындамын,
Не істесең де өзің біл, қолыңдамын…
Көріп жүрсің, сен қу қыз білесің ғой,
Несіне айта берем, соның бәрін.
Баяғыдан аңсаған сағынғаным,
Өзің бе едің, бақытым, жаным, бағым.
Ай да Күн де, Ауа да бір өзіңсің,
Қандай жақсы, дүниеде Сенің барың!
Әділбек Қаба фб пара0шасынан