Павлодар – инвесторларды тарту орталығы
Облыс орталығы инвесторларды тарту орталығына айналуы тиіс. Палодар облысының әкімі ы 2018 жыл қорытындылары бойынша есеп берген қала басшысы Ануар Күмпекеевке осындай тапсырма берді.
Өз сөзінде қала әкімі айтып өткендей, қаланың өндірістік кәсіпорындары шығарған өндірістік өнімдер мөлшері 5,2%-ға өсті, яғни 774 миллиард теңгеге өнім шығарылды. Металлургиялық өндіріс, химиялық өндіріс, машина жасау және мұнай өңдеу салаларындағы өндіріс көлемінің өсуі қамтамасыз етілді.
– Аграрлық сектор мен қайта өңдеу саласындағы азық-түлік айналымын қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылы жалпы сомасы 3,3 миллиард теңгеден асатын инвестициялық жобалар жүзеге асырылды, бұл жаңа 150 жұмыс орынының пайда болуына әкелді, – деп мәлімдеді қала әкімі. – Жалпы сомасы 5 миллиард теңгені құрайтын тағы 12 жоба жүзеге асырылу үстінде. Осы жобалардың нәтижесінде 290 жаңа жұмыс орны пайда болады. Жалпы алғанда, жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың өндірген өнімдерінің көлемі өткен жылы 5,9%-ға, яғни 43 миллион теңгеге өсті.
Қала әкімінің жұмысына баға бере отырып Болат Бақауов жергілікті биліктің ең басты мақсаты Павлодар мен ауылдық жерлердің инвестициялық тартымдылығын арттыру екенін естеріне сала кетті.
– Шағын және орта бизнесті дамытудың мүмкіндіктері өте көп, – деді аймақ басшысы. – Бүгін біз бизнесменнің туындаған проблемаларын шешу жолдарын табуға тырысуымыз керек. Шағын және орта бизнесті дамыту саласында жұмыс істейтін субъектілердің көбеюімен қатар, өткен жылмен салыстырғанда ШОБ өнімдерін шығару көлемінің 9,2%-ға азайғандығы байқалуда. Әлі күнге дейін банкроттықты бастан кешіп жүрген немесе банкрот болар алдындағы жағдайдағы несиелік қарыздары бар жұмыс істемейтін бизнес субъектілері бар.
Облыс әкімінің айтуынша, жақында ашылған «Open Pavlodar» орталығы тек билік пен халық арасындағы қатынасты ғана емес, сонымен қатар билік пен кәсіпкерлер арасындағы қарым-қатынас орнатуда көмектесуі керек.
Әлихан Рахметоллаұлы