Азаматтарға арналған үкіметтің қызметкерлері 280 литр қанын берді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 600-ден астам қызметкері қан тапсырып, қан қорын 280 литрге толықтырды. Еліміздің барлық филиалдарын қамтыған донорлық акциясы аясында халыққа қызмет көрсету орталықтарында қан алу орындары ұйымдастырылды. Сондай-ақ бірқатар қалада қан тапсыру шарасы қан орталықтарында өтті.

Ерікті түрде қан өткізуге басшылықтан бастап қызмет көрсету орталықтарының мамандарына дейін ниет білдірді. Шара барысында донорлар алдын ала дәрігер бақылауынан өтіп, денсаулық жағдайын тексертті. Көшпелі бригада лаборанттары сол жерде қан тобын нақтылап, гемоглабин көрсеткішін анықтап беріп отырды. Әр қызметкерден шамамен 350-450 мл мөлшерінде қан донацияланды.

Қызметкерлердің қатарында бірнеше рет донор атанған азаматтар да жетерлік. Солардың бірі – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алмалы фронт-офисының қызметкері Динара Тұрғалиева. Ол соңғы он жылдың ішінде 57 рет қан тапсырып, 25 литр өткізген. Қан орталығы оған «Сенімді донор» атағын да берген.

«Денімнің саулығы маған өзге жандарға көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Донорлықтың материалдық тұсы мені мүлде қызықтырмайды. Қаным адамның өмірін аман алып қалуға көмектескені туралы алғыс жазылған хабарламалар келгенде қуанамын», – дейді Динара.

Өзге адамның өмірін құтқарып қалуға көмектесетін шара барысында жиналған қан онкологиялық ауруханалармен өзге де медициналық мекемелерге жіберіледі. Жыл сайын елімізде донордың қан компоненттеріне  шамамен 80 мың адам зәру. Осылайша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері де бұл игілікті іске өз үлестерін қосты.

 

 

15 ақпан 2019 ж.                                                                        

     Астана қ.