ЖИЕНҚҰЙРЫҚ НЕМЕСЕ ЖИЕНҚҰРЫҚ.

Қазақ қыздарынан туған баланы » жиен» деп, оларды ерекше еркелетіді.Қанша еркелесе де , əуре- сарсаңға салса да «ИТТІҢ күшігі «деп күле қабылдайды.Жиендер ұнатқан нəрселерің сұрамай əкетсе, «Əлгі күшік тістеп кетті»деп риза болады. Бұл тартудың «Жиенқұйрық » аталу себебі: Ертеден Қайқы атты бидің жақсы көретін ақылды Смет деген жиені болыпты. Смет нағашысына барып :-Ата , маған келесі жылғы төліңізден он қозы беріңіз десе , атасы : Қой құйрығында түймесі бар қозы туса саған берем-депті.Келесі жылы барлық қой түймесі қозы туыпты.Көрген ел : Бұл қалай болғаны ?- десе, нағашысы : Бұл түгелімен ЖИЕНҚҰЙРЫҚ- депті. Келесі жылы жиені келіп атасына: «Осы ешкілердің алған төлді маған беріңізші-депті, жайылып жүрген 20 ешкіні көріп, нағашысы: Жиенжан еркек болса лақтары сенікі , үстіне тағы бір лақ қосып берем- депті.Келесі жылы 20 ешкі 40 еркек лақ туыпты. НАҒАШЫСЫ сөзінде тұрып, лақтарың беріпті. Лақтарды айдап кетіп бара жатқан жиеніне қарап атасы : Жиен келгенше ауылға, жеті бөрі келсін- депті. Қазақта жиенге 40 серкеш атау осыдан қалған. Самат бір жылда тағы келіп нағашысына :Келесі жылы бие шұбар құлын туса, маған беріңіз — депті. Құлындаған биеден 40 шұбар құлын туыпты. ҚАЙҚЫ БИ 40 ҚҰЛЫНДЫ жасырып ,жиеніне :Ойбай Жиен , биелер шұбар құлын таппады — деп алдап,жиеніне тана- торпақ беріпті.Жиені ,атасының алдағаның біліп. ренжіп кетеді. Көп кешікпей Қайқы бидің малы қырылады. Сол кезде :Жиеннің назасы жаман — депті Қайық БИ. Сондықтан қазақ жиені не сұраса соны беретін болыпты. Ал «Жиенқұрық»- деп атауының шығу себебі нағашысы ауылына келген жиеніне қолына құрық беріп : Өзіне ұнаған малға құрық сал -дейді . Демек ұстаған құрық тиген мал жиені еншісі болған. Көбіне қазақтар «Жиенқұрық»- деп, үйіне алғаш келген жиенге қазіргі заманда қозы — лақ немесе мал атайды. Қазақтар негізінен «Жиенқұрық» тартуын көп қолданады.

Этнограф Райхан Матаева