Дүбірлі дода
Еліміздің оңтүстік астанасында ақпанның «13-16 сы
аралығында Қазақстан mma (mix martial arts ) Kazmma
Жане Jayyger oner associacisy қолдауымен өтті. Әр аймақтан
келген жас файтерлер өз өнерлерін көрсетті.
MMA спорты елімізде жаңа спорт түріне қарамастан күннен күнге қарыштап
дамып келеді. Бұл спорттың түрі тек білектің күшін емес ,ақыл ойды, өр рухты, қайтпас қайсарлықты талап етеді. Бұрынғы батыр бабаларымыздың, бүгінгі батыр ұлдары осы сайысқа құлшынып ерекше дайындықпен келген.
Қазақстанның 17 аймағынан келген 230 дан астам спортшылар 7 түрлі салмақта күш сынасты, бабымен бағы қатар шапқан спортшылар үздіктер тұғырына көтерілді.
52,2 салмақта жарыстың шымылдырығы түрілді, алғашқы чемпион
Жұбаныш Бағдат 2019 жылдың чемпионы атанды.
56,7 келі де Дархан Умирбеков қылқындыру ( перуанский галстук) әдісімен
қарсыласынан айласын асырып кетті.
61,2 салмақта Олжас Молдағалиев осымен 2 дүркін Қазақстан чемпионы атанды,
70,3 салмақ дәрежесінде Қарағандылық Неймат Асадов чемпиондар тұғырына көтерілді.
77,1 салмақ дәрежесін Айдын Төлепов бағындырды.
93 келі салмақта Серік Абиров чемпион атанды.
Әрине жарыс болған соң жеңісте бар, жеңілісте бар. Жеңіске жеткен спортшылар, сәтсіздікке ұшыраған файтерлерді арқасынан қағып шабыттандыруда, осылай олар өздерінің тек октогонда ғана қарсылас екендерін айқындады.
Осындай додаларға түсіп, осы спорттың қайнауында шынығып жатқан жас спортшылардың ертеңінен үміт күтеміз. Әлемдік жоғырғы деңгейдегі
Промоушендерде чемпион болады деп сенеміз, үміт артамыз, тілектес боламыз. Қазақ жас спортшыларының алар асуы әлі алда.