Маңғыстау облысындағы мемлекеттік қызмет кадрларның жай-күйі. Өңірдегі мемлекеттік қызмет жүйесіндегі ФБШ-ның 8 оң әсері  

Ағымдағы жылдың 27 ақпаны күні Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Маңғыстау облысындағы мемлекеттік қызмет кадрларның жай-күйі» тақырыбында брифинг өтті. Спикер ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова өңірдегі мемлекеттік қызмет жүйесіндегі ФБШ-ның 8 оң әсерін атап өтті. Олар:

 

  • Маңғыстаудың еңбек нарығында мемлекеттік қызметтің бәсекелестік қабілеті артты (мысалы, жеке сектордан мемлекеттік қызметке орналасқандар саны 7 есеге артқан (2017 ж — 10, 2018  ж –
    72 адам)
  • Маңғыстау әкімдігінде бос орындар едәуір азайды
    (2017 жылдың қорытындысымен – штат санының 11,8%-ы, 2018 жыл қорытындысымен — 4,4%-ы).
  • Маңғыстауда мемлекеттік қызметтен кеткендер саны төмендеген (2017 жылы 101 адам немесе 7,5%,
    ал 2018 жылы – 49 адам немесе 3,6%).
  • Маңғыстауда ауыл әкімдіктерінде кадр тапшылығы жойылған (Ауыл әкімдіктерінде 2017 жыл соңында 28 (штат санынан 10,3%) бос орын болса, 2018 жылдың қорытындысымен тек 1 (0,4%) орын бос, ол — Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымы).
  • Мемлекеттік қызметке маңғыстаулықтардың қызығушылығы артқан (бір орынға үміткерлер саны орта есеппен 0,9-дан (2017 жыл) 2,6-ға (2018 ж) өскен. Тестілеуге үміткерлер саны 54 пайызға өскен – 2017 жылы 3544, 2018 жылы — 5462).
  • Мемлекеттік қызметшілердің еңбегінің тиімділігі артқан (мысалы, соңғы екі жылды салыстырғанда, бағалау қорытындысымен «өте жақсы» нәтиже көрсеткендер саны 2 есеге артқан, 75-тен (7,7%) 141-ге (13,4%).
  • Маңғыстау әкімдігінде біліктілігі жоғары мамандар қатары көбейді («Болашақ» бағдарламасының түлектері 2017 жылы – 1 адам, 2018 жылы – 5, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының түлектері  2017 жылы – 2, 2018 жылы — 6 маман).
  • Маңғыстауда қызметке жаңадан келген жас мамандардың қызметтен өз еркімен кетуі 2 есеге азайған (әкімдіктерде
    2017 жылы 18 маман қызметке орналасқан жылы өз арызымен кеткен болса, 2018 жыл қорытындысы бойынша — 8 адам ғана босатылған).

 

 

Маңғыстау облысындағы мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйі туралы 2019 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша

АҚПАРАТ

Мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 3093 бірлікті құрайды (республика бойынша – 98 726 бірлік), оның ішінде:

  • 7-і саяси (республика бойынша – 453 бірлік),
  • 7-і (республика бойынша — 285) – «А» корпусы,
  • 3079-ы — «Б» корпусының қызметшілері (республика бойынша – 97 988 бірлік).

Қызметшілердің нақты саны2850  адам (республика бойынша — 90932) немесе 92,1%.  Бос орындар саны — 243, яғни штаттық бірліктің 7,9% құрайды.

Әйелдердің саны 1654 немесе 58% (республикада – 55,4%) құрайды.

Қызметшілердің орташа жасы – 37,6.

Мемлекеттік қызметшілердің орташа өтілі — 9 жыл.

Атқаратын лауазымдағы өтілі – 3 жылды құрайды.

Жергілікті атқарушы органдар бойынша:

Мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 1347 бірлікті құрайды, оның ішінде:

  • 7-і — саяси,
  • 7-і «А» — корпусы,
  • 1333 — «Б» корпусының қызметшілері.

Қызметшілердің нақты саны1288 адам немесе 95,6%.

Бос орындар саны — 59, яғни штаттық бірліктің 4,4% құрайды.

Әйелдердің саны 720 немесе 55,9% құрайды.

Қызметшілердің орташа жасы – 35,9.

Мемлекеттік қызметшілердің орташа өтілі — 8,3 жыл.

Атқаратын лауазымдағы өтілі – 3,3 жыл.