БӘРІНЕН ЕЛДІҢ ЫНТЫМАҒЫ МЕН АУЫЗБІРШІЛІГІ ҚЫМБАТ

Бұл бір жан-дүниемізді сергіткен, келешегімізді кемелді әңгімемен көмкерген, алдағы бағыттарымызды ашық айқындаған әсерлі басқосу болды. Биыл халықтық партияға – 20 жыл. Осы жылдарда жеткен жетістіктерді, қоғам алдына қойған мақсат-міндеттерді орындауда «Нұр Отан» партиясының ролі орасан зор. Осы уақыт ішінде халықтың үлкен сеніміне ие болды. Ал сенім – халықтың партияға берген ең үлкен бағасы дер едім.

 

Елбасы осы съезде әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ерекше назар аударды. Әсіресе, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет салаларына қатысты ұстанымдары бізді айрықша қуантты. Халықты жұмыспен қамту бағытындағы шаралар да осы жиында айтылды. Кәсіпкерлерді елді дамытуға шақырып, туған Отанымызды көркейтуге олардың белсене қатысуы тиіс деген ойлары көпшілік көңілінен шықты.

Иә, қазіргі әлемдегі саяси-экономикалық жағдай тұрақсыз. Бұл әлемнің бір бөлшегі ретінде біздің елге де өз ықпалын тигізбей қоймайды. Қазақта «үйдегі жағдайды сырттағы нарық бұзады» деген сөз бар. Қазір дәл осындай жағдай болып тұр. Сондықтан осындай кезде кеше ғана Президент пәрменімен тағайындалған Үкімет басшысына, министрлер мен облыс әкімдеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Ең бастысы – «Мәңгілік ел» идеясы төңірегінде халықтың ауызбіршілігін, ынтымағын арттыру.

Мірхайдар РАМАНҚҰЛОВ,

генерал-майор,

Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің ардагері.