Маңғыстау өнеркәсіптік өндіріс үлесі бойынша елімізде екінші орында
Бұл жөнінде бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Р.Әбдіқадыров айтты.
«ҚР индустриялдық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі 4 индикаторы бойынша өткен жылы облысымызда өндіріс көлемі артып, еліміз бойынша Атыраудан кейінгі екінші орында тұр.»-деді Т.Сейілханұлы.
Өңірімізде өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі – 228,3 млрд. теңге құрап, 112 пайызға орындалды. Өндіріс көлемінің өсуі металлургия, дайын металл бұйымдарын, мұнай өңдеу өнімдерін, резина және пластмасса бұйымдарын өндіруде, машина жасауда және жеңіл өнеркәсіп салаларында өсім бар. Сондай-ақ, мұнай-газ, машина өңдеу, агрохимия саласында, азық-түлік өндірісінде бұл көрсеткіш жоғарылаған.
Ал, мұнай өңдеу, құрылыс материалдары өндірісінде, қара металлургияда төмендеу байқалады.
«Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 106,5% орындалды (499.7 млрд. теңге). Облыста Порттардың болуы әсерінен өңір арқылы транзиттік жүк жіберіледі, осыған орай өңірдің өңдеу өнеркәсібі экспортының негізін облыс арқылы өтетін тауар транзиті шамамен 75 % құрайды»-дейді басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Тілеген Едігеев.
Өңірдің экспорттаушы кәсіпорындарының мәліметтері бойынша есепті кезеңде экспорт көлемінің 35%-ға өсуі байқалады.
Экспорттың ұлғаюы:
— «ArcelorMittal Tubular Products Aktau» АҚ 9,5 есеге өсті (Болат спиральды құбырлар);
— «Каспий Цемент» ЖШС-да 1.8 есеге өсті.
2018 жылы өңірде 16 млрд. теңге сомасына 24 инвестициялық жоба іске асырылды, 654 жұмыс орны құрылды, оның ішінде:
— Отандық инвесторлардың қатысуымен 5,9 млрд. теңге сомаға 13 жоба.
— 8,1 млрд. теңге сомасына шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2 жоба.
— 2,1 млрд. Теңге сомасына 9 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы.
2018 жылы енгізілген жобалардың ішінде ең маңызды жобалар:
- «Күн электр станциясының құрылысы» («Бест Групп» ЖШС, 1,3 млрд. теңге).
- «Шлюмберже» электрлік сорғылардың қондырғыларын өндіру және қызмет көрсету цехы» (SchlumbergerLogelcoInc. АҚШ долларын құрады, 1,1 млрд. теңге).
Ағымдағы жылы облысымызда 66 млрд. теңге сомасына 22 инвестициялық жобаны іске асыру, сол арқылы 1 368 жұмыс орнын құру жоспарлануда, оның ішінде:
— 25,5 млрд. теңге сомаға отандық капиталдың қатысуымен 15 жоба.
— 38,4 млрд. Теңге сомасына шетелдік капиталдың қатысуымен 4 жоба.
-1,8 млрд. теңге сомаға мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің қатысуымен 3 жоба.
2019 жылға жоспарланған ең маңызды жобалар:
- Түпқараған ауданында сомасы 8 млрд. теңгені құрайтын қуаты 43,6 МВт «Редкометальная компания» ЖШС-ның Жел энергетикалық станциясын салу және іске қосу.
Қазіргі уақытта 25 жел қондырғысының 24 монтажы аяқталды. Қосалқы станцияның құрылысы аяқталды, қосалқы станцияны іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Іске қосу 2019 жылдың маусым айына жоспарланған. Инвестор – ҚР.
- «Тоталь» компаниясының «Теңіз қабатының суын дайындау және айдау жүйесі»
ПСД әзірленді, жер учаскесі алынды, мемлекеттік сараптамадан өтті. Бүгінгі күні жер және бетон құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, электр беру желісін орнату басталды. Инвестор-Франция. Іске қосу 2019 жылдың маусымына жоспарланған.
- «Satex Chemie» ЖШС-ның 194 млн. теңге сомасына «Битум эмульсиясы негізінде гидрооқшаулағыш материалдарды өндіру».
Бүгінгі таңда іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Барлық жабдықтар әкелінді. Пайдалануға беру 2019 жылдың наурыз айының соңына жоспарланған. Инвестор-Түркия. Орны: СЭЗ
- «Ақтау Энергомаш» ЖШС-ның 9,1 млрд. теңге сомасына «Кабельдер мен трансформаторлар өндіру зауытын салу» (СЭЗ)
Компанияда 2018 жылы қаржыландыруға қатысты проблемалар болды, 2019 жылдың басынан бастап қаржыландыруды қайта бастады. Қазір жоба ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Іске қосу 2019 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Инвестор-Әзірбайжан
«Инвестицияларды тарту бойынша жұмысты «Казах Инвест» АҚ-мен бірлесіп құрудамыз, атап айтқанда, инвестицияларды қажет ететін барлық жобалар мен Маңғыстау облысының инвестициялық әлеуеті туралы ақпаратты СІМ-не, ҚР-ның басым елдердегі елшіліктеріне жібереміз. Инвестиция тарту үшін елшіліктермен тығыз әрі нақты жұмыс жасайтын боламыз, сондай-ақ барлық отандық ірі кәсіпкерлерге облыс туралы ақпарат жібереміз.
Өңірдің барлық кәсіпкерлерін инвестицияларды қажет ететін жобалар бойынша ақпарат беруге біздің басқармаға шақырамыз, өз кезегінде біз инвесторларды табуға көмектесеміз».-деді брифингте мамандар.
Жаңаөзенде ашылатын қант өндіру цехы 30 тұрғынды жұмыспен қамтиды
Бұл жөнінде бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Р.Әбдіқадыров айтты.
Осы жылы Жаңаөзенде шағын қант өндіру цехы жұмысын бастайтын болады. Жеке кәсіпкердің қолға алған жобасы өңірімізде қант бағасының түсуіне ықпал етеді деп күтілуде. Бүгінде өндіріс орны белгіленіп, жер телімінің құжаттары рәсімделуде. Жоба жетекшілерінің айтуынша цех кемінде 30 адамды жұмыспен қамти алады.
Сондай-ақ, Маңғыстау облысында химиялық реагент шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Зауыт арнайы өнеркәсіп аймағында орналасқан, оның инвестициялық құны 1,9 млрд теңгені құрайды. Бұл зауыт да 30 –дан астам адамға жаңа жұмыс орнын ұсынатын болады.
Анықтама:
Өсім мұнай-газ машина өңдеу саласында (2,7 есе), агрохимия саласында (27,3% — ға), азық-түлік өндірісінде (35,2% — ға) байқалады.
Сонымен бірге, мұнай өңдеу саласында (НКИ 79,7%), құрылыс материалдары өндірісінде (НКИ 56,8%), қара металлургияда (НКИ 35,4%) төмендеу байқалады.