{:kk}ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП САЙЛАНДЫ{:}{:ru}УМИРЗАК ШУКЕЕВ ИЗБРАН ПРЕДСЕДАТЕЛЕМ ТУРКЕСТАНСКОГО ОБЛАСТНОГО ФИЛИАЛА ПАРТИИ «NUR OTAN»{:}

{:kk}

Бүгін «Nur Otan»  партиясының Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХVІІ конференциясы өтті. Жиынға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, «Nur Otan» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев және партияның облыстық филиалының барлық аудан, қалалардан келген өкілдері қатысты.

Конференцияның күн тәртібінде  «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының Төрағасын сайлау, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның кезекті XVIIІ Съезінде берген тапсырмаларын орындалу барысы және  партияның Түркістан облыстық филиалының Саяси кеңесі құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қаралды.

Жиында партия хатшысы Қаныбек Жұмашев жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, жаңа облыс атанған Түркістанның болашағы жарқын болатынына сенім білдірді. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша ұсынысын жеткізді.

«Партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың келісімі бойынша Түркістан облыстық партия филиалының төрағалығына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің кандидатурасын ұсынып отырмыз», – деді ол.

Конференцияға қатысушылар бұл кандидатураны бірауыздан қолдап, Өмірзақ Шөкеев «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы болып сайланды.  Бұдан соң Қ.Жұмашев Түркістан облыстық партия филиалының жаңа төрағасын құттықтап, оған төраға куәлігін табыс етті.

Өмірзақ Шөкеев өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқаратынын айтып, сенім білдірген партияластарына алғысын жеткізді.

«Кеше Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарихи шешім қабылдады. Елімізде дамудың жаңа сатысына қадам жасалды. Ұлт Көшбасшысы Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын бекемдеп, экономикасы қуатты елге айналдырды. Сондықтан Түркістан жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Отан алдындағы ұлы қызметтері мен бастамаларына дән риза. «Nur Otan» партиясының XVIIІ съезінде елдің әл-ауқатын арттыру, өңірлерді дамытуға бағытталған нақты жұмыстар мен жоспарлар айқындалды.  Бұл – «Nur Otan» партиясына, атқарушы билікке және бәрімізге берілген тапсырма. Түркістан облысында осы бағытта жұмысты күшейтіп, елдің тұрмыс жағдайын жақсартуға, табысын арттыруға күш салатын боламыз», – деді Өмірзақ Шөкеев.

Жиында Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов және өзге де делегаттар сөз сөйлеп, ұсыныстарын жеткізді.

Конференцияда Саяси кеңесі Бюросының құрамы бекітіліп, конференцияның қаулысы қабылданды.

{:}{:ru}

Сегодня состоялась внеочередная ХХХVІІ конференция Туркестанского областного филиала партии «Nur Otan». В заседании приняли участие аким области Умирзак Шукеев, секретарь партии «Nur Otan» Каныбек Жумашев, а также представители  районных и городских филиалов партии.

На повестке дня были рассмотрены вопросы об избрании председателя Туркестанского областного филиала партии «Nur Otan», о ходе выполнения поручений Председателя партии Н.А.Назарбаева, данных на очередном XVIIIІ съезде партии, внесении изменений и дополнений в состав политического совета областного филиала партии.

На собрании секретарь партии Каныбек Жумашев поздравив общественность с праздником Наурыз мейрамы,  внес предложение по первому пункту повестки дня.

«По согласованию с Председателем партии Нурсултаном Абишевичем Назарбаевым, на должность председателя областного филиала партии мы предлагаем кандидатуру акима Туркестанской области Шукеева Умирзака Естаевича», – сказал он.

Участники конференции единогласно поддержали выдвинутую кандидатуру, после чего секретарь партии поздравил нового председателя Туркестанского областного филиала партии и вручив ему соответствующее удостоверение.

В свою очередь глава региона выразил благодарность за оказанное доверие, отметив, что он с честью выполнит возложенные на него задачи.

«Вчера Первый Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев принял историческое решение. Страна вступила в новый этап развития. Благодаря его титаническому труду Казахстан укрепил независимость, определил  границы, превратился в сильное государство, признанное миром. Общественность Туркестанской области высоко оценивает его заслуги перед страной. На XVIIIIІ съезде партии «Nur Otan» определены конкретные работы и планы, направленные на повышение благосостояния страны и развитие регионов. Эти задачи поставлены перед партией, исполнительной властью и всеми нами. Мы приложим все усилия в этом направлении, в том числе по улучшению условий жизни населения и повышению доходов страны», — сказал Умирзак Шукеев.

Вместе с тем, в ходе заседания выступили председатель областного Совета ветеранов Ж.Мауленкулов и ряд других делегатов. Кроме того, был утвержден состав Бюро Политсовета и принята резолюция.

{:}