Білгенге маржан Бауыржан Момышұлы қарттарды төртке бөлген. Атауларын біле жүріңіз 31.03.2019 Елана Бауыржан Момышұлы жасы үлкен қарттарды: шал, қария, ақсақал және абыз деп төртке бөлген. Отбасы, ошақ қасынан ұзап шыға алмай, түтін аңдып, үй аралап, саяси өсек айтатын қарт-шал. Өз әулетін шашау шығармай уысында ұстап, билік жүргізген қартты қария деп, тұтас бір ауылдың жыртығын бүтіндеп, айдынын асырып отырған қартты ақсақал деп, елдің дау-дамайын шешіп, арғы-бергі тарихтан әңгіме қозғап, тұла бойына ұлттық рух, ізгі қасиеттерді молынан сіңірген қартты абыз деп атаған. Дереккөзі: Б. Момышұлы естеліктерінен