Су тасқынының алдын алуға дайынбыз    Маңғыстау өңірінде өрт оқиғасы азайған

Су тасқынының алдын алуға дайынбыз

Бұл жөнінде бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Базарбаев Қуанар Бекенұлы мәлімдеді.

«Гидрометерологиялық қызметтің берген ақпаратына сай облыс аумағында қардың қорлары жоқ.

Алайда нөсер жауын салдарынан Жаңаөзен қаласының және Мұнайлы ауданындағы Басқұдық пен Атамекен елді-мекендерінің кейбір көшелері мен үйлердің аулаларында қатты жаңбардың шалшық сулар жиналуы мүмкін.

Алдын алу шараларын жүзеге асыру мақсатта Облыстық әкімдікпен 2019 жылға су басуға қарсы іс –шаралар жоспары бекітілді және соған сәйкес тапсырмалар берілді»-деді Қ.Бекенұлы.

Су басу кезінде қиындық туған жағдайда әкімдікпен бірігіп облыстың азаматтық қорғау қызметінің 924 адам, 308 техника және 10 жүзу құралдарымен жалпы күштер мен құралдары дайындықтан өткен.

Су тасқынының алдын алуға және жоюға қажетті көлемде материалды-техникалық қамтамасыздандыру резерві, сонымен қатар облыс әкімдігінен қаржылық резерв қарастырылған.

Жауын-шашын сулары ағатын кәріз құбыры мен уақытша арық жүйесі салынған. Сонымен қатар аудан әкімшіліктері тарапынан 21 мотопомпа мен жоғарғы өтімділігі бар жалпы ұзындығы 2000 метрден астам жеңдер сатып алынған.

         Маңғыстау өңірінде өрт оқиғасы азайған

 

Бұл жөнінде бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Базарбаев Қуанар Бекенұлы мәлімдеді.

«2019 жылдың ағымдағы жылы облыс аумағында бойынша 60 өрт тіркелді. Бұрынғыша өрттің көп бөлігі тұрғын үйлерде болып отыр. Осыған орай үлкен көлемде тұрғын үйлерде  өткізілген үгіттеу-профилактикалық жұмыстарға сәйкес өрт саны алдыңғы жылмен салыстырғанда  26%-ға азайды. (2018 ж. – 30 өрт, 2019 — 22ж.)»-дейді Қуанар Бекенұлы.

Автокөліктердегі орын алған  өрттің саны да 15 пайызға  азайған. (2018 – 20 өрт).

Өрт сөндіру қызметінің құрылымдық бөлімшелері 2019 жылдың І тоқсанында 250 рет шыққан. (2018 жылы- 197, алдыңғы жылмен салыстырғанда12,6% көп).

Жыл басынан бері өрттен 11адам құтқарылды, 137адам көшірілді, (2018 жылы-3 адам құтқарылды,көшірілгендер-80 адам, 61,2% көбейді).Құтқарылған тауарлық материалдар 18 млн.012 мың. 400 теңге(2018 – 16 млнтг.).

Адамдардың қаза болуын, жарақаттануын алдын алу және өрттердің санын азайту мақсатында өрт қауіпсіздік ережесін тұрғындарды оқытуға көп көңіл бөлінді дейді мамандар.

Ауланы аралау кезінде негізгі назар тұрғындардың ішінде әлеуметтік тәуекелдік топтарға қойылды, (68 адамды қамтыған 25 қарт адамдардың тұратын мекен жайларына рейд жүргізілді, белгілі бір іспен айналыспайтындар – 45/177, көп балалы отбасылар – 85/578), оларға мекен жайы бойынша өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Автокөліктердегі өртті  болдырмау мақсатында Жергілікті полиция қызметі өкілдерімен бірігіп, қалалық және аудандық бөлімшелермен рейд өткізілді.

Рейд кезінде автокөліктегі өртті болдырмау бойынша жүргізушілерге түсіндірді және  1000 аса (1340)жаднама таратылды.

Облыстың қалалары және аудандарының қоғамдық орындарында және адамдар көп шоғырланатын орындарда өрт қауіпсіздік талаптарын түсіндіретін 22 билборд орнатылған.

І тоқсанда әртүрлі өрт қауіпсіздік тақырыбында   3 дөңгелек үстел өткізілді («Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі»; «Өндірістік мекемелердегі өрт қауіпсіздік»; «Биік үйлердегі өрт қауіпсіздігі»).