ОҚЫҢЫЗ!!! ӨТЕ ӘСЕРЛІ АҢЫЗ!!!

Баяғыда өте әдемі алма ағашы болыпты. Оның досы кішкентай бала еді. Бала алма ағашының айналасында ойнағанды ұнататын еді. Ол ағаштың басына өрмелеп шығып, алмаларын жейтін немесе оның көлеңкесінде ұйықтайтын. Ол ағашты жақсы көрді, ал ағашқа онымен ойнау ұнайтын.
Бірақ уақытты тоқтатып бола ма, бала ер жетті, күннен күнге ағашпен ойнауын сиретті. Күндердің күнінде бала ағашқа келді. Бірақ көңіл-күйі жоқ еді.
— Кел, ойнайық! — деп өтінді Ағаш.
— Мен қазір кішкентай бала емеспін, енді ағаштың айналасында ойнап жүре алмаймын, — деп жауап берді бала. — Маған ойнау үшін ойыншықтар керек. Бірақ оны сатып алуға ақша керек.
— Кешір, менің саған беретін ақшам жоқ. Бірақ сен менің жемістерімді сатып, ақша табуыңа болады.
Бұл ұсыныс балаға ұнап қалды. Ол жемістерді теріп алып, артына қарамай кетті.
Содан кейін бала оралмады. Ағаш оны ойлап қатты мұңайды. Бірақ бір күні бала оралды. Бірақ оны тану мүмкін емес еді, ол үлкен жігіт болып оралды. Ағаштың қуанышы қойнына сыймады.
— О, сен оралдың ба?! Кел ойнайық! — деді Ағаш.
— Қайдағы… — деді бала. — Менің енді ойнауға уақытым жоқ. Мен енді отбасымды бағу үшін көп ақша табуым керек. Бізге тағы баспана да керек.
— Кешір, менде үй жоқ. Бірақ сен менің бұтақтарымды алып, үй салуға пайдалануыңа болады.
Жігіт мұндай мүмкіндікке қатты қуанды. Ол ағаштың барлық бұрақтарын алып, кетті. Оның қуанғанына ағаш та қуанышты еді.
Содан бері жігіт оралмады. Ағаш оны қатты сағынды, қайғысын бөлісетін жанды таппады. Жаздың бір жайлы кешінде, жігіт оралды. Бірақ ол баяғыдай жас емес еді. Еңсесі түскен орта жастағы адам еді. Ағаш қуаныштан дірілдеп кетті.
— Келдің бе?! Сені қалай күттім десеңші! Ойнайық!
— Мен қартайдым, ойнауға әлім келмейді. Мен кішкене кеме жасап алып, мына шулы әлемнен алыстап, жүзіп кеткім келеді. Сен маған көмектесе аласың ба? — деп сұрады адам.
— Менің діңімді ал, — деді Ағаш. — одан кеме жасап, қалауыңа жет.
Міне, адам бір кездері жайқалып, өзіне жеміс берген ағаштың діңін кесіп алып, кеме жасап, тағы да ұзақ уақыттарға алыстап кетті.
Ұзақ уақыт өткен соң, адам қайта оралды. Өзіне жақындап келе жатқан ескі досын көргенде Ағаш:
— Кешір мен, балам, менің саған беретін ештеңем қалмады. Алмаларым да жоқ, — деді.
— Маған алмалар керек емес. Менің оны жейтін тістерім де жоқ.
— Менде саған пайдалы болатын баяғы дің де жоқ.
— Ол да маған керек емес. Мен өте шаршадым, қартайдым.
— Менің тек мықты тамырымнан асқа ештеңем жоқ.
— Ал маған одан артық ештеңе де керек емес. Мен оған отырып, демалғым келеді.
Адам Ағаштың тамырына отырып, көзіне жас алды. Оны көрген Ағаш қуаныштан күлімдеді.
Бұл аңыз баршамызға тиісті. АҒАШ — біздің ата-анамыз. Кішкентай кезімізде бізге ата-анамызбен ойнау қызықты. Ал есейген соң біз олардың алтын ұясынан ұшып кетеміз де, тек өзіміз бір нәрсеге мұқтаж болғанда, қайғыға тап болғанда ораламыз. Біздің не сұрап жатқанымызға қарамастан, ата-анамыз бізді бақытты көру үшін барын береді.
Мүмкін баланың ағашқа жасағандары қаталдық көрінген шығар, бірақ біз де ата-анамызға сондай қарым-қатынаста боламыз. Біз олардың қамқорлығы мен махаббатын бізге міндетті түрде берілетін нәрсе деп қабылдап, алғыс та айтпаймыз.
Бірінші орында, Аллаға олар үшін алғыс айтуымыз керек. Ешкім, тіпті әйелің, балаларың, достарың да сен үшін Олар сияқты сүйіп, өмірін құрбан ете алмайды.
АТА-АНАҢА АЛҒЫС АЙТУДЫ ҰМЫТПА!