Тарауих намазының 9 тағылымы
Қасиетті Рамазан айында оқылатын тарауих намазының тоғыз тағылымын тізіп көрсек:
1. ТӨЗІМДІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕЙДІ: кез-келген мұсылман 20 рәкәғат тарауих намазына қатысу арқылы құлшылыққа сабыр етуге үйренеді;
2. ТҮНГІ НАМАЗ /ТӘҺӘДЖҮД/ ОҚУҒА ҮЙРЕТЕДІ: Рамазанда бір ай бойы тарауих намазын оқуға әдеттенген намазхан басқа айларда түнгі намазға қиналмай тұрады;
3. АДАМ ЖҮРЕГІН МЕШІТКЕ БАЙЛАЙДЫ: Рамазанда бес уақыт намазға қоса тарауих намазы үшін мешітке келген адам үшін мешітте намаз оқу үйреншікті ісіне айналады;
4. НАМАЗДЫ ЖАМАҒАТПЕН ОҚУҒАҮЙРЕТЕДІ: тарауихты бір ай бойы жамағатпен оқыған адам басқа айларда жамағат іздеп тұрады;
5. НӘПІЛ НАМАЗДАР ОҚУҒА ҚҰЛШЫНДЫРАДЫ: қасиетті айда бір уақытта 20 рәкәғат тарауих оқыған адам үшін басқа айлардағы 12, 6, 4, 2 рәкәғаттан тұратын намаздар қиындық қылмайды;
6. НАМАЗДЫ ЫҚЫЛАСПЕН ОҚУҒА ТӘРБИЕЛЕЙДІ: тарауихта ықыластылық танытқан намазхан басқа айлардағы бес уақыт намазда да ниетінен айнымайды;
7. ҚҰРАН ТЫҢДАУҒА ҮЙРЕТЕДІ: тарауихта сапта тұрып, қаридың қырағатын тыңдаған намазхан басқа айларда да Құран тыңдауға құлшынып тұрады;
8. НАМАЗДАН ЛӘЗЗАТ АЛУҒА ШАҚЫРАДЫ: Рамазанда тарауихтан ләззат алған намазхан басқа айлардағы бес уақыт намаздан сол ләззәтті іздейтін болады;
9. НАМАЗҒА ӘЗІРЛЕНУГЕ ТӘРБИЕЛЕЙДІ: қасиетті айда тарауих намазына әзірленіп әдеттенген адам басқа айларда да намазға алдын ала әзірленуді бойына сіңіреді.