Ерік Сұлтанов Швеция елшісімен кездесті

Облыстық  әкімдікте  өңір  басшысы Ерік Сұлтанов  Қазақстан Республикасындағы Швецияның Төтенше және өкілетті елшісі  Христиан Камилл мен  d сауда және инвестициялық кеңесінің басшысы Игорь Власюкті қабылдап, екіжақты байланыс орнату, ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Қонақтарды Қызылжар өңіріне келуімен құттықтай келе, Ерік Хамзаұлы  республикамыз инвестиция тартуға қолайлылығымен ерекшеленетіндігін, ол үшін елімізде барлық жағдай жасалып жатқандығын атап айтты.

— Солтүстік Қазақстан облысы — бірінші кезекте аграрлық өңір. Біз  елімізде жиналатын астықтың үштен бірін өндіреміз. Сондықтан ұқсату саласының әлеуеті жоғары. Қазірдің өзінде қытайлық ірі компанияның қатысуымен майлы дақылдар өңдейтін зауыттың құрылысы басталды. Біз германиялық, италиялық, финдік, қытайлық және ресейлік компаниялармен де жұмыс істейміз. Швециялық компаниялармен де бірлескен жобалар қолға алынады деген ойдамыз, — деді Ерік Сұлтанов. Өз кезегінде Христиан Камилл Солтүстік Қазақстанға осымен үшінші  рет келіп отырғандығын алға тартты.

— Облыстың ұқсату кәсіпорындарының құрылымын ескере және инвестиция тарту үшін жасалып жатқан шараларды байқай келіп, Швецияның бизнес делегациясын дәл осы өңірге әкелуге шешім қабылдап отырмыз. Бұл — қазан айында болатын үлкен кездесудің әзірлік кезеңі.  Біздің еліміз де солтүстікте орналасқан. Кәсіпкерлеріміз ортақ тіл табады деген ниеттеміз, — деді шетелдік елші. Үстіміздегі жылдың қазан айына белгіленіп  отырған швециялық делегацияны Ауыл шаруашылығы мен өңірлерді дамыту министрі Сеен Эр Бухт бастап келмек. Сапар кезінде ірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесу өткізу жоспарлануда. Өңір басшысы болашақ кездесуге қажетті мәселелерді талқылауға әзір екендіктерін жеткізді. Сол үшін облыс әкімінің орынбасары Мұқтар Манкеевтің төрағалығымен өңірдің ірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен бірлескен кездесу ұйымдастырылып отыр. Кездесуден кейін мәртебелі қонақтар облыс орталығындағы ұқсату кәсіпорындарында болып, олардың жұмысымен танысты.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛМЕК

Өткен жылдан бері Қызылжар әуежайының ұшу-қону жолағының ұзындығын 2 шақырымға дейін ұзарту, енін 60 метрге дейін кеңейту, оларды 10 сантиметрді құрайтын асфальтты бетонмен  жабу, жарықтандыру техникаларымен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл күрделі жөндеу жұмыстары биыл аяқталады. Бұған қоса аталмыш нысанда жолаушылар терминалын қалпына келтіру қолға алынғалы отыр. Үстіміздегі жылғы сәуір айында Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму жөніндегі министрлігінің  Азаматтық авиация комитеті жариялаған конкурстың қорытындысы   бойынша   сомасы 1,134 млрд. теңгенің құрылыс-құрастыру жұмыстарын  «Энерго-ТехноСервис» ЖШС  атқаратын болып отыр. Соған орай өңір басшысы Ерік Сұлтанов аталмыш құрылыс алаңында болып, мердігер компанияның басшыларымен кеңес өткізді.

 DSC_2880 (1)— Конкурстың шарты бойынша терминал толығымен күрделі жөндеуден өткізіледі: ішкі-сыртқы кейпі өзгереді, жаңа жабдықтар орнатылады. Жобаны алматылық компания жасады, — деді серіктестіктің бас директорының орынбасары Асхат Мақышев. Облыс әкімі қайта жабдықтауды жедел бастауды, мұқият жұмыс істеу үшін күн сайын штаб отырысын өткізуді, жабдықтар сатып алу мәселесін жедел шешуді тапсырды.

—Ғ имараттың шатырына, ішкі жұмыстарына, қасбетіне, бөлмелердің жайлылығына, инженерлік коммуникацияларға  ерекше назар аударыңыздар. Осының барлығын 2 айда атқарып шығу керек. Сыртқы шараларға сосын кіріскен жөн. Күрделі жөндеу 1 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс, — деді Ерік Хамзаұлы. Осы жұмыстар толығымен аяқталғаннан кейін әуежай халықаралық стандарттарға сәйкес А320-200,А-310-300, Боинг-767,200 300, Боинг 757-200300  сияқты әуе кемелерін  қабылдай алатын болады. Сол кезде Қазақстанның басқа облыстарына ғана емес,  тіпті шетелдерге де  сапарлауға мүмкіндік туады.

АУЫЛДА МАЙ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ САЛЫНБАҚ

Тайынша ауданындағы  лиевка ауылында  май өңдейтін зауыт салынатын болады.  Бұл жобаны Қазақстан мен Қытай Үкіметтерінің келісімі аясында Тайынша-май С мен қытайлық Айз компаниясы бірге жүзеге асырғалы отыр. Құрылыс қарсаңында  қазақстандық және қытайлық әріптестер  іргетасқа  капсула салып, тығыз байланыс орнатуға ниеттес екендіктерін танытты. Осынау  атаулы оқиғаға облыс әкімі Ерік Сұлтанов пен «Айцзю» компаниясының президенті  Хэи Дзя қатысты.

— Бұл — біздің  облыстың өмірі үшін елеулі оқиға. Өткен жылы өңіріміздің  экономикасын дамытуға 1 млрд. теңге шетел инвестициясы тартылса,  биыл аталмыш  көрсеткішті жеті есе өсіргелі отырмыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің елімізге инвестиция тартуға және инвестициялық ахуалды жақсартуға ерекше көңіл бөлуде.  Майлы дақылдарды өңдеу жөніндегі  осынау зауыт нәтижелі жоба болып, біздің өңіріміз бен «Айцзю» компаниясының  болашақта ынтымақтаса жұмыс істеуіне жол ашады деген ойдамын. Алдағы уақытта  ауыл шаруашылығы  өнімдерін  ұқсату саласында тағы  жобаны  жүзеге асыруды жоспарлаудамыз. Бүгін басталып отырған агроөнеркәсіп паркінің құрылысы Қызылжар өңірі экономикасының әрі қарай ырғақты дамуын қамтамасыз етеді деген сенімдемін, — деп атап айтты  салтанатты шарада Ерік Хамзаұлы. Салынып жатқан зауыт жоспар бойынша  бір жылда 300 мың тоннадай майлы дақылдар сатып алатын болады. Онда тәулігіне  бір тоннадай өнім, атап айтқанда, май өндірілмек. Инвестицияны жүзеге асыру үшін қытайлық инвесторлар қазірдің өзінде 30 млн. АҚШ долларын бөліп отыр, кейін оны 100 млн. долларға дейін көбейтуді жоспарлауда.       

— Зауыт үшін бізге шикізат керек. Бұл өнім өзімізде мол сұранысқа ие. Жыл сайын Қытайда   17 млн. тонна май импортталады. Мұндай өндіріс бізде ғана бар.  Енді  осы бағытта  Қазақстанмен ынтымақтасатын боламыз, — деді «Айцзю» компаниясының президенті Хэи Дзя. Зауытты іске қосудың алғашқы кезеңінде 200-ден астам жұмыс орнын ашу көзделген, әрі қарай бұл сан бір мыңға дейін өспек.

— Бұл жақсы ниет.  Ауыл тұрғындарында тұрақты жұмыс,  лайықты табыс болады. Кешеннің ашылуы  ауылымыздың бүкіл  өмірін жаңаша  күйге бөлейді, — дейді  Ильиевка ауылының тұрғыны  Жанат Жүкен. Болашақ мамандарды  арнайы курстардан өткізу мен Қытайдың университеттерінде тегін оқытуды  әріптестер өз мойындарына алып отыр.

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА  ҚЫЗУ ДАЙЫНДЫҚ

Өңір басшысы Ерік Сұлтановтың төрағалығымен алдағы жылыту маусымына әзірлік жөнінде облыс әкімдігінің кезекті отырысы өтті. Оған энергетика кәсіпорындарының және «Қызылжар су» ЖШС-нің басшылары қатысты.

— Біз қазір су құбырларын, кәріз бен жылу жүйелерін  қайта жаңғырту,  күрделі жөндеуден өткізу үшін Еуропа қайта құру және даму банкімен жұмыс істеп жатырмыз. Таяудағы 3-4 жылда  кәріздердің тозуын 4,  су құбырларын 50 пайызға дейін азайтуды  көздеп отырмыз, — деді алқалы жиынды ашқан Ерік Хамзаұлы.   

 DSC_2822 (1)2 жылу-электр орталығының  директоры Виктор Барминнің  айтуына қарағанда, жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Алдағы жылыту маусымына  әзірлік бойынша бөлінген 125, млн. теңгеге  қазандық агрегаты ағымдағы, 3 қазандық агрегаты күрделі жөндеуден өткізіледі.  Бүгінгі күнге дейін олардың 2-уі жоспарлы жөндеуге қойылып, 4 қазандық және 1 құбыр агрегаты  қалпына келтірілген. Орталық бір жылда 150 мың тонна көмір тұтынады. Қорды 200 мың тоннаға дейін жеткізу көзделуде. «Петропавл жылу желілері» ЖШСнің директоры Игорь Рыбас  биыл 12,6 шақырым жылу құбырларын ауыстыру және 4, шақырым жылу құбырларының оқшаулағышын қалпына келтіру жоспарланып отырғанын айтып берді.  Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде  жылу шығыны едәуір азаятын болады.    

«Солтүстік Қазақстан Тарату Электр компаниясы» АҚ-ның бас директоры Анатолий Казановский 1112,7 шақырым  электр желісіне,105 көмекші станция мен трансформатор қосынына  күрделі жөндеу жүргізіліп, 61 шақырым  электр желісі жаңғыртылатындығын тілге тиек етті. «Қызылжар су» ЖШС жазғы маусымда 5,5 шақырым апатты су құбырларын, 4 шақырым кәріз жүйесін ауыстыруды жоспарлауда.  Компанияның техникалық директоры Арман Саутовтың айтуынша, есепті кезеңге дейін су құбырларының 30, кәріздердің 33,  пайызы ауыстырылып, 30 су құбыры, 97 кәріз құдығына, 22 қозғалтқышқа, 42 өрт сөндіру гидрантына күрделі жөндеу жүргізілді. Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетов көпқабатты үйлерді жылыту маусымына әзірлеу кесте бойынша жүргізіліп жатқанын баяндады. Қазіргі уақытта 22 үйдің жылу жүйелері шайылып, тазаланған, көпқабатты үйлердің 296-на  жылу есептегіш аспаптары орнатылған. Әлі 745 үй осындай аспаптар орнатуды қажет етеді, алайда  олардың 25 пайызының  аталмыш аспаптар орнатуға  техникалық жағдайы келмейді. Ерік Сұлтанов тұрғындар арасында  түсіндіру жұмыстарын  жүргізуді жалғастыру қажеттігін тапсырып, 2017 жылы есептегіш құралдары жоқ үйлерге теңестірілген тариф енгізілетіндігін қадай айтты.

Жазғы демалыс жақсы өтсін!

Облыс  әкімі Ерік Сұлтанов Қызылжар ауданы аумағында орналасқан  демалыс орындарында болып, олардың қалыптасқан жағдайымен танысты және өңірдің құтқарушыларымен кездесті.

Қарғалы аралында орналасқан «rood» демалыс  аймағы — қалалықтардың  ең сүйікті орындарының бірі. Онда  60 адамға арналған 5 үй бар. Олар монша, спорт алаңдарымен, жайлы орындықтармен жабдықталған. Таяуда мейрамхана іске қосылып, бассейн құрылысы аяқталуға таяп қалыпты. «r Pr»  қала аумағындағы Куйбышев орманына ерекше көрік береді. Отбасылық демалысқа арналған  саябақ 1 гектар аумақты алып жатыр. Ондағы жанға жайлы 7 үй  бір мезетте  бірнеше қауымға қызмет көрсете алады. Аталмыш демалыс орнында отбасының жас мүшелеріне арнап   айналмалы  әткеншектері бар ойын алаңы да жасалуда.  Ерік Сұлтанов құрылысқа қауіпсіз материалдарды ғана  пайдалануды ұсынды. Өңір басшысы «Солтүстік жұлдызы» саябағындағы жағажайда да болды. Биыл демалыс орнының ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 2 млн. теңге бөлініпті. Ерік Сұлтанов демалысқа арналған аумақты  кеңейту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

— Екі қысқа жағажай қалалықтар үшін аздық етеді. Осы жайында қала әкімі Марат Тасмағанбетовке айтылды. Тағы қай жерде қауіпсіз шомылуға болатынын қарастыруды тапсырамын. Олардың қызметін ұйымдастыруға қажетті қаржы бөлінеді. Таяу күндері шомылу маусымы басталады, сондықтан құтқарушылардың  әзірлігін  тексеру керек, — деді  Ерік Хамзаұлы. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуына қарағанда, құтқарушыларға 22 қайық бекітілген, олардың 9-ы моторлы. Отряд құрамында 56 адам бар. — Қазірдің өзінде тәулік бойы кезекшілік атқарудамыз. Күн сайын осы жағажайда 4 құтқарушы болады. Адамдар қазірдің өзінде суға түсіп жатыр, бірақ  құтқару шараларын қолданатын жағдайлар бола қойған жоқ, — дейді ТЖД жедел құтқару отрядының басшысы  Алтай Тезекбаев.

Аралап  базарларды көрді кім

 Өңір басшысы Ерік Сұлтанов облыс орталығындағы сауда нүктелерін аралап, жергілікті тұрғындарға ұсынылатын  тауарлардың ассортиментімен және олардың бағаларымен танысты.

DSC_1336 (1)«Солтүстік» көтерме-бөлшек сауда базарындағы тауарлардың бағасы нарықтағыдан 15-20 пайызға төмен. Онда негізінен тұтынушылардың мол сұранысына ие солтүстікқазақстандық өнімдер  басымдық танытуда. Оңтүстік өңірлермен тура байланыс орнатылуына байланысты  көкөністер мен жемістердің бағасы да тұрғындар үшін қолжетімді. Картоптың бір келісі 50, сәбіз 90 теңгеден сатылуда.  Облыс әкімі аралаған екінші нысан — «Коммуналдық» базар. Онда тұрақтандыру қорының өнімдері мол екен. Күріш пен қарақұмықтың бір келісі 170 теңгеге бағалануда. Базарда сонымен бірге жергілікті тауар өндірушілердің 12 фирмалық  сауда орны жұмыс істейді. Жамбыл және әлиханов атындағы аудандар ет өнімдерін әкеліпті.  Ерік Сұлтанов  ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы мен олардың сапасына назар аударды. «Семейный» сауда-ойын-сауық кешеніндегі, «Северный-2» супермаркетіндегі  бағалар да тұтынушылардың көңілінен шығатындай. «Тайга» базарында жергілікті сүт, нан-тоқаш және ет өнімдерін ұсынатын  14 фирмалық сауда орны қызмет көрсетуде. Облыс әкімі өңірдегі тауар бағаларының тұрақтылығына бақылау жасауды ведомство басшыларына тапсырып, тауарлардың бағасын төмендету үшін көтерме сауда өнімдерінің жеткізілуін жолға қою қажеттігін, таяу уақытта қаланың көптеген сауда орындарындағы күнбе-күн тұтынатын азық-түлік тағамдарының бағаларын жергілікті ақпарат құралдарында жариялау жоспарланып отырғандығын атап айтты.

Дайындаған Нұрсайын ШӘРІП