«Даму» қоры «Ulttyq ónim – 2019» көрмесін өткізеді

 

4-6 мамыр аралығында астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Даму» қорының қолдауын алған отандық кәсіпорындардың көрмесі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.   Көрме жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов, қала әкімі Бақыт Сұлтанов, «Даму» Қорының Басқарма төрайымы Гаухар Бөрібаева, сарапшылар, халықаралық ұйым, қаржы институттары өкілдері мен Қазақстанның барлық өңірінен келген 500-ден астам компания қатысады. «Көрме барысында қазақстандық және шетелдік мамандардың шеберлік сабақтары; шетелдік әріптестер мен халықаралық қаржы институттарының қатысуымен B2B кездесулер өтеді. Әсіресе, шетелдік әріптестердің өндіріске жаңа технологиялар енгізу жөніндегі алдыңғы қатарлы тәжірибесі қызықты. Сонымен қатар, соңғы уақытта ақпараттық сәнге айналған рейтинг/скоринг үлгілер, субсидия мен кепілдік беру механизмдері, бизнес процестерді автоматтандырудағы технологиялық шешімдер, апекс механизмдері, өтінімді қарастырып, қызмет көрсету жүйелері де назар аударарлық. Қазақстан экспортын насихаттау барысындағы контрәріптестердің тұтынушылық қабілеттері де маңызын жоймаған. «Ислам қаржысы: Қазақстандағы ШОБ дамуының балама бағыты» және EY Poland «Стартаптар экожүйесі – Қазақстан экономикасының жаңа қозғаушы күші» атты семинарлар өтеді», – деп мәлімдеді «Даму» қорында. Көрмеге қатысушылардың арасында «Халық таңдауы» атты дегустация байқауы мен жеңімпаздарды анықтау өтеді.