Елордада Даңқ гүл тізбегін қою рәсімі өтеді
Жыл сайынғы қалыптасқан дәстүр бойынша 8 мамырда Орталық қалалық зират аумағында Ұлы Отан соғысы жылдарында алған жарақаттарынан қайтыс болған жауынгерлердің қабіріне Даңқ гүл тізбегін қою рәсімі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 8 мамырда сағат 10:00-де өтетін салтанатты шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, қаза тапқандардың туыстары, қала әкімдігі, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері қатысады. Қазіргі уақытта қаламызда Ұлы Отан соғысының 71 ардагері, 4 мыңға жуық тыл еңбеккері тұрады. Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлері шипажайлық-курорттық емдеумен, коммуналдық-тұрмыстық қызметтерді төлеуге ай сайынғы ақшалай өтемақымен, монша мен шаштараздарға бару үшін әлеуметтік көмекпен, сондай-ақ, мәдени іс-шаралармен қамтамасыз етіледі. Биыл Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының шешімі бойынша Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлеріне 67 АЕК (169 175 теңге) көлемінде біржолғы ақшалай төлем, сондай-ақ қосымша 350 000 теңге беріледі.
СМИ УВП Астана Ішкі саясат басқармасы