Бауыржан – үш дүркін Азия чемпионы

Маңғыстаулық балуан Бауыржан Сағынғалиұлы Ашхабадта самбодан өткен Азия емпионатында топ жарып, түбекке алтын медальмен оралды. Сондай-ақ, аталмыш халықаралық жарыстан Айболат Мұратұлы (100 келі салмақта) және Нұркен Домбаев (57 келі салмақта) қола медальдарды иеленіп, жерлестеріне жеңіс сыйлады.

— Түркіменстанның Ашхабад қаласында өткен Азия емпионатына 17 мемлекеттен 300 балуан қатысып, бақтарын сынады. Дүбірлі дода самбодан және әскери самбодан өтті. Бұл жолы жарыста облыстың намысын 3 балуанымыз қорғап, үшеуі де үмітімізді ақтады. Жалпы жарысқа елімізден 44 балуан қатысып, оның 42-сі елге жүлделі орындармен оралды, — дейді белгілі бапкер Сергей Волобуев. Халықаралық жарыста ел намысын абыроймен қорғаған «Жастар» спорт мектебінің балуаны Бауыржан Сағынғалиұлының спортты жанына серік еткеніне биыл — 10 жыл. Жүректі балуанымыз бұған дейін жасөспірімдер арасында екі дүркін Азия емпионы атанған. Одан бөлек, Ригада өткен Әлем емпионатында қола медальді иеленіп, бапкерлер үмітін ақтаған. 

— Әр жарыстан елге жүлделі орынмен оралу үшін барымды салып күресемін. Бұл жолы Азия чемпионатында 62 салмақта күресіп, елге алтын медальмен оралдым. Боз кілемге бірінші түркімендік балуанмен шықтым, есеп :2, одан кейін қырғыздық балуанды 10:0 есебімен ұттым. Ақтық сында өзбекстандық балуанның жауырынын жер иіскетіп, Азия емпионы атандым. Мені жарысқа дайындаған бапкерлеріме алғыс айтамын. Ендігі меже — Әлем емпионатын, Олимпиада шыңдарын бағындыру, — дейді үш дүркін Азия чемпионы Бауыржан Сағынғалиұлы.

 Енді   балуандарымыз    қазан айында Румынияда өтетін   Әлем емпионатына қатысып, бақтарын сынайтын болады.

Мейрамбектің жеңісі

Грузияның Ахмет қаласында дзюдодан өткен халықаралық жарыстан «Жастар» спорт мектебінің балуаны Мейрамбек Алдаберген қола медальді иеленіп, облыс мерейін өсірді. 2002-2003 және 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен жарысқа Қазақстан, Армения, краина, Әзірбайжан, Грузия, Ресей мемлекеттерінен келген 350-ге жуық балуан қатысып, бақтарын сынады.

111— Байрақты бәсекеде Мейрамбек Алдаберген 46 келі салмақта күресіп, қола медальді иеленді. Алғашында әзірбайжандық балуанды «юко» әдісімен жеңіп, келесі айналымға жолдама алды. Екінші кездесуінде грузиндік балуанды «иппон» әдісімен (таза жеңіс) ұтты, үшінші белдесуде украиндық қарсыласының жауырынын жер иіскетті. Өкінішке орай, төртінші кездесуде қарсыласы армениялық балуанға есесін жіберді. Жарыстан бөлек спортшыларымыз оқу-жаттығу жиынына қатысып, білікті бапкерлерден дәріс алып, шеберліктерін шыңдады, — дейді балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің бапкері Ерлан Серіков.

Сәрсен мен Сындаргүлдің шаңырағында дүниеге келген Мейрамбек оқуда озат, ізінен ерген бауырларына қамқор ұл. 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап дзюдоға қатысатын оның спорт саласында қол жеткізген жетістіктері көп.

 — Биылғы жылғы жетістіктеріме тоқталатын болсам, Бакуде дзюдодан өткен халықаралық турнирде жеңіс тұғырынан көрініп, алтын медальді иелендім. Одан бөлек Орал қаласында өткен республикалық жарыстан және халық батыры «Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы дзюдодан өткен халықаралық турнирде күміс медальдарды еншіледім. Бұл жолы Грузияда өткен халықаралық жарыста еншіме қола медаль бұйырды. Оның өзі мен үшін үлкен жетістік. Тынбай еңбектенудің, үздіксіз дайындықтың нәтижесінде әлі талай белестерді бағындырамын деген сенімдемін, — дейді Мейрамбек Алдаберген.

11 гимнасшы жарыста топ жарды

Қасиетті Тараз төрінде көркем гимнастикадан республикалық ашық емпионат мәресіне жетті. Аталмыш жарыстан балалар мен жасөспірімдерге арналған астар спорт мектебінің  шәкірті жүлделі орындармен оралды.

Тарқатып айтар болсақ, Елизавета оншакова жарыс жеңімпазы атанып, алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ, Аққуым Манарбекқызы, Ақбөбек Дүйсен, Алиса Бозбаева, Мария Түгелбаева, Фарида Түркменбай, Ұлжан Әбдрахман, Диана Оразбай, Нұршат Қалдыбай, Мерей Сұлтанбек, Софья Бокарева қола медальға ие болып, облыс мерейін өсірді. Жарысқа жеткіншектерді «Жастар» спорт мектебінің көркем гимнастикадан жаттықтырушылары Бибігүл Ерназарова мен Светлана Седенкова дайындады.

01— Байрақты бәсеке жекелей және топтық жаттығу бойынша өтті. Жарыс мақсаты — елімізде көркем гимнастиканы дамыту, жас гимнасшылардың спорттық шеберлігін шыңдау, достық қарымқатынасты нығайту және тәжірибе алмасу. Көркем гимнастикада толқынды, серіппелі қозғалыс, иіліп, бұралу, денені тік ұстау, би өнеріне тән жүріс, жүгіріс, секіру басым келеді. Жарысқа қатысушылар да осы үдеден шығып, жақсы өнер көрсетті. Жарысқа біздің спорт мектебінен 23 гимнасшы қатысты, — дейді балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің көркем гимнастикадан жаттықтырушысы Светлана Седенкова. Дүбірлі додаға Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау, Шымкент, Қызылорда, Тараз қалаларының гимнасшы қыздары қатысып, бақтарын сынады. 500-ге жуық  5 пен 16 жас аралығындағы гимнасшылар музыка сазымен лента, доп, шеңбер арқылы гимнастикалық жаттығулар жасап, өнерлерін көрсетті. Республикалық жарысқа алғаш қатысып отырғанына қарамастан, Аққуым Манарбекқызы да тамаша спорттық бапта екенін көрсете білді. Кішкентай ханшайым аталмыш жарыста өз тобынан ерекшеленіп, барлық берілген тапсырмаларды өз деңгейінде орындап, жекелей өнер көрсетуде қола медальді еншіледі. Бес жасар гимнасшы болашақта көркем гимнастика өнерінің хас шебері Әлия супованың бағындырған жетістіктерін қайталағысы келеді.

 — Мен жарыста жекелей көріністе өнер көрсеттім. Жүлделі орынды иеленгенім үшін өте қуаныштымын. Мені жарысқа дайындаған жаттықтырушым Бибігүл Ерназароваға алғыс айтамын. Болашақта биік белестерді бағындырып, Әлия суповадай белгілі гимнасшы болғым келеді, — дейді Аққуым Манарбекқызы.

Айман ОҢҒАРБАЙҚЫЗЫ