Ақтөбе облысының   әкімі Оңдасын Оразалин қоғамдық көмекшілерге   куәлік  табыстады

 8 мамыр, сәрсенбі күні  облыс басшысы  Оңдасын Оразалин  15 азаматқа «Облыс әкімінің қоғамдық көмекшісі» куәлігін табыстады. Әрбір ауданнан  бір-бір азамат және  Ақтөбе қаласынан  үш өкіл   облыс әкімінің  қоғамдық көмекшісі  болып бекітілді.

          «Халық арасында  қандай да  бір өзекті  мәселелерді  өздеріңізбен ақылдаса отырып шешеміз деген үміттемін. Өңірдің әлеуметтік  жайын дамытуда  тізе  қоса жұмыс жасаймыз деп сенемін. Өздеріңізбен ақылдасып, пікір алмасуға қашанда дайынмын»,-деді облыс  әкімі Оңдасын Оразалин.

          Қоғамдық  көмекшілер  елімізде  жүзеге асып жатқан саясатты халыққа түсіндіру, әкімдердің  тұрғындармен байланысын нығайту  сынды жұмыстармен айналысады. Облыс әкімінің қоғамдық көмекшісі болып бекітілген өкілдер —  бұрын жергілікті әкімдіктерде қызмет еткен, туған жерлеріне абыройлы азаматтар.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Аким Актюбинской области Ондасын Уразалин вручил удостоверения общественным помощникам

 8 мая глава региона Ондасын Уразалин вручил 15 гражданам удостоверения общественных помощников акима области.

Общественными помощниками главы региона стали представители 12 районов Актюбинской области и г. Актобе, внесшие вклад в социально-экономическое развитие региона и принимающие активное участие в жизни общества.

          «Надеюсь, при вашем содействии мы повысим эффективность и оперативность решения волнующих население вопросов. Я всегда готов к обмену мнениями с вами», — сказал аким области.

         Главные задачи общественных помощников – разъяснение государственной политики среди населения, улучшение взаимодействия властей с жителями области.

Пресс-служба акима Актюбинской области