Жоба жемісі «Жамбыл – адалдық алаңы» жүйелі жүзеге асуда
Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасын құру керектігін тапсырған болатын. Міне, межелі міндетті орындау мақсатында аталған тәжірибе Жамбыл облысында да жүйелі жүзеге асуда. Оның бір көрінісі ретінде Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы негізінде «Ашық кітапхана» залынның ашылу салтанаты өтті.
Жастардың ақыл-парасатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен жоғары мәдениеттін қалыптастыру мақсатында ашылған «Ашық кітапхананың» лентасын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаев пен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев залдың салтанатты түрде лентасын қиды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаев «Ашық кітапхананың» қоғамдағы маңызына тоқталып, оқырмандардың кітапханашысыз керек кітабын өзі ала алатына, оқырманның бойында оң факторлар қалыптасып, өзін адалдыққа, сенімдікке, біреудің мүлкіне деген үлкен жауапкершілікке тәрбиелейтінін айтты. – Аталмыш кітапхананы ашудағы мақсат оқырмандарды сыбайластыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оның жауапкершілігін сезіндіріп, адалдық мінез-құлқын қалыптастыру. Яғни, кіиапханаға келген оқырман өзінің жауапкершілігін сезініп, ешқандай кітапхана қызметкерінсіз оқитын кітабын таңдап, тиісті журналға мәліметті енгізіп, кейін өз еркімен қайтаруына итермелеудемі. Сол арқылы адалдық мінез құлқын қалыптастырамыз деген ойдамын, — дейді Равиль Қуанышбайұлы. Ал кітапхана оқырманы Қуантайсәт Айтуғанұлы, «Шоқандай ұлы тұлғаның есіміне берілген кітапхананың шаңырағында «Ашық кітапхана-адал оқырман» орталығының ашылуы біздің жас білімгерлер мен оқырмандар үшін бір білімнің есігін айқара ашқандай болды. Осындай орталықта көптеген қазақтың адал ұрпақтары, адал оқырмандары көптеп шығады деген үміттеміз» дейді. Кітапханашысыз кітапхана залы облыс орталығында алғаш рет ашылып отыр. Кітапхана басшылары осындай орталықты қаладағы 8 кітапханаға ашу жоспарда екенін айтты.
Төлен Дедек