ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА $150 МЛН ДОЛЛАРҒА КҮН ЭЛЕКТР СТАНСАСЫ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысында жалпы қуаттылығы 100 мВт құрайтын күн электр стансасы салынады. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Маминнің Түркістанға жұмыс сапары барысында меморандум түзілді.

Келіссөз Түркістан облысының әкімдігі мен «KazPV LTD» ЖШС арасында жүрді. Жобаның жалпы құны – 150 млн. АҚШ доллары. Күн электр стансасы қазақстандық кремний негізінде фотоэлектрлік модульдерді пайдаланады. Стансаның жалпы қуаттылығы – 100 мВт құрайды.

Жоба 2019-2021 жылдары іске асырылатын болады. Орналасатын нақты мекен жайы анықталуда. Жалпы аумағы 150 гектарды құрайды.  Күн электр стансасы іске қосылғанда 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі