Биыл Маңғыстаулық балалар 100 % жазғы демалыспен қамтылады
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Сейдалиев Асқар Әбиұлы мәлімдеді.
Қазіргі таңда облыс мектептерінде 1-10 сынып аралығында 133317 бала білім алуда. Үрдіс бойынша жазғы сауықтыру жұмыстары «лагерлерде демалыс» және «балалардың бос уақытын тиімді пайдалану» екі бағыты жұмыс істейді. Бүгінде өңірде 319 сауықтыру орталығы бар. Олар қала сыртындағы 4 лагер, 89 мектеп жанындағы және қалғаны қосымша ұйымдарда өтетін лагерлер болып табылады. Мектеп жанындағы лагерлерде балалар танымдық, шығармашылық, спорттық шараларға қатысып, таңертеңнен кешке дейін демалады. Сонымен қатар, қосымша 102 кәсіптік, 124 туризм, спорт, палаталық бағытта лагерлері өз жұмыстаны бастайды деп жоспарлануда. Балаларды жазғы демалыспен 100 пайыз қамту үшін тыңғылықты дайындық жүргізілген. Осы орайда аудандық, қалалық бюджеттен 429 млн теңге қаражат бөлінді. Мектеп жанындағы, қала сыртындағы лагерлерден бөлек балалар үшін күніне 2-3 сағаттық сауықтыру шаралары да ойластырылған. Туристік, спорттық, танымдық шаралары аясында балалар 1,2,3 күндік саяхаттарға шығатын болады.
«Аймақта аз қамтылған отбасынан шыққан 11700 бала бар. Барлығы тегін демалыспен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде 40 бала «Аджип Каспиан» мекемесінің демеушілігімен тамыз айында Италия еліне жолдама алады. Сонымен қатар, балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін де Алматы, Астана қалаларында демалыс жоспарланған» — деді Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Сейдалиев Асқар Әбиұлы.
Маңғыстау облыстық білім басқармасы