Ақтөбеде «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің дайындық бөлімі ашылды
24 мамыр, жұма күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті дайындық бөлімінің ашылу шарасына қатысты.
«Мемлекетіміз жастардың білім алуына қолдау көрсетіп, жан-жақты жағдай жасауда. Соның ішінде, діни білімді де шетел аспай-ақ, өз елімізде алуға бүгінгі күнде толық мүмкіндік бар»,-деді облыс әкімі.
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Мухаммад аш-Шаххат ал-Жинди өңір басшысына оқу орнын аралатып, ғимарат ішімен таныстырды. Жаңа төрт қабатты нысан демеушілердің көмегімен тегін беріліп отыр. Заман талабына сай жабдықталған бөлімде өзге өңірден келген білім алушылардың жатып оқуына да жағдай жасалған. Аталған дайындық курсының жиырма адамды қабылдауға мүмкіндігі бар.
В Актобе открыто отделение по подготовке абитуриентов для университета «Нур-Мубарак»
В пятницу, 24 мая, аким области Ондасын Уразалин принял участие в открытии подготовительного отделения Египетского университета исламской культуры «Нур-Мубарак».
«Наше государство всегда оказывает мощную поддержку молодежи в получении образования. В том числе, в нашей стране есть все возможности для получения религиозного образования без выезда за рубеж», — отметил в поздравительной речи аким области.
Ректор Египетского университета исламской культуры «Нур-Мубарак» Мухаммад аш-Шаххат ал-Жинди ознакомил главу региона с оснащенностью учебного учреждения, проведя экскурсию по четырехэтажному зданию, предоставленному безвозмездно спонсорами. Отметим, два этажа занимает общежитие, поэтому в отделении беспрепятственно смогут получать знания и жители других регионов нашей страны. Всего отделение имеет возможность принять двадцать человек.