Жамбыл облысы қой етін экспорттаудан  көш бастап тұр.

Жамбыл облысында 2018-2027 жылдар аралығында етті мал шаруашылығын дамытуға арналған ұзақ мерзімге жоспарланған салалық бағдарлама  қабылданып, индикативті көрсеткіштері бекітілді. Жалпы осы бағдарлама аясында 2018-2027 жылдар аралығында облысқа «Сыбаға»  бағдарламасы бойынша алыс-жақын шет елден 36,0 мың басқа жуық МІҚ малының аналық басын сатып алу жоспарланған, соның ішінде ағымдағы жылда 4000 бас МІҚ малы әкелу жоспарланған.

Шет елден мал сатып алу үшін тауарөндірушілерді  жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету (14 пайыз осыдан 10 пайызы субсидияланады), сатып алынған 1 бас малға 225,0 мың теңге субсидия қарастырылған.

Өткен жылы облысымыз тауарөндірушілері тарапынан 1800 жуық ірі қара мал сатып алынды. Жыл басынан бері облысқа өткен жылғы жобалар аясында 850 бас МІҚ малы алып келінді. Одан бөлек Мойынқұм ауданында орналасқан «Мойнқұм Агро» және «АгрофирмаТүркпен» ЖШС-і 1,0 мың бастан астам МІҚ алып келді.

Жалпы алғанда бағдарламаның негізгі мақсаты шет елден сатып алынатын ет бағытындағы малдың генетикалық әлеуетін пайдалана отырып қолдағы малдың өнімділік көрсеткіштерін жақсарту болып табылады. Нәтижеде сиыр етінің экспорттық потенциалын арттыру мүмкіндігіне қол жеткізіледі. Атқарылған шаралардың аясында жылдан жылға ет экспорттау көлемі артып келеді.

Жыл басынан бері тауарөндірушілер   519,9  тонна сиыр еті, 347,3  тонна қой еті экспортталып.

Өткен 2018 жылы облыстың тауарөндірушілерімен 1014,1 тонна сиыр және 1637,1 тонна қой еті экспортталды (2017 жылмен салыстырғанда сиыр еті 8,9 есе, қой еті 5 есе артық экспортталды. Республика көлемінде 3800 тонна қой еті экспортталса, оның 43,6 пайызы Жамбыл облысына тиесілі. Сәйкесінше қой еті бойынша Жамбыл облысы республика ішінде 1-ші орынға шықты).

Етті экспорттаушылар болып экспортқа бағытталған дамыған технологиялы бордақылау алаңдары және ет комбинаттары белгіленген. Осы кәсіпорындарды іске қосу арқылы облыста толық циклдағы ет кластерін қалыптастыру қамтамасыз етіліп, етті экспорттау көрсеткішінің өсу динамикасы байқалуда.

Осы күнге дейін 900 тоннаға жуық сиыр мен қой етін экспорттаған Жамбыл облысы, қазір  таңда ет экспорты әлеуетін арттыру мақсатында аймақта арнайы бағдарлама қабылдап, шетелден етті бағыттағы ірі қара жеткізуде.

Бүгінгі күнде ет өнімдері Иран Ислам Республикасы, БАӘ, Бахрейн Карольдігі, Кувейт, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, мемлекеттеріне экспортталуда.

 

Қазір ет экспорты әлеуетін арттыру мақсатында аймақта арнайы бағдарлама қабылданып, шетелден етті бағыттағы ірі қара жеткізілуде.

 

Бөрі Сұлтан