Тәуелсіздіктің 25 жылдығын өткізу іс-шаралары мемлекеттік комиссия назарында
Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев мерейтойлық шараларды ақпараттық-имидждік сүйемелдеу туралы, білім және ғылым вице-министрі Б.Асылова мерейтойды мерекелеуге жастар мен жастар ұйымдарын тарту жөнінде баяндады. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М.Тоғжанов өңірде Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеуді ұйымдастыру ісі туралы айтып өтті.
Бұдан бөлек, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шараларды өткізу бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын өзара үйлестіру мен ықпалдастықтың негізгі мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Мемлекеттік хатшы отырыс қорытындысы бойынша жоспарланған іс-шараларды сапалы және мерзімінде іске асыру қажеттігін атап өтіп, жұмысты әрі қарай ұйымдастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.