Павлодарға ретро-автомобильдер келді
Павлодар еліміздің қалаларының ішінде бірінші болып «Бейжің-Париж» ретро-раллиінің қатысушыларын қабылдады. Өткен демалыс күндері 100-ге жуық көне көліктер қаланың Орталық алаңына келіп тоқтады.
Ретро-автомобильдер 2 маусым күні Қытайдан жолға шығып, 35 күн ішінде Францияның астанасына жетулері тиіс. Сапардың қашықтығы 15 мың шақырымға жуықтайды. Қатысушылардың қатарында қалталы азаматтар, тіпті миллионерлер бар ралли қатысушылары биыл тұңғыш рет Қазақстан арқылы жүріп өтті. Павлодарда олар көрме ұйымдастырып, жергілікті халықтың қонақжайлылығына тәнті болды.
Ретро-раллиге қатысушы көліктердің ішіндегі ең көнесі – 1907 жылы құрастырылған Contal Motori Tricycle, оны бельгиялық экипаж тізгіндеп келеді. Американдықтар мен британдықтардан құралған экипаж басқаратын White MM Pullman автомобилі одан үш жас кіші. Ең жылы жаңа көлік даниялықтар жүргізіп келе жатқан 1977 жылғы Porsche 911S.
Орталық алаңда қала қонақтарын Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қарсы алды. Аймақ басшысы ралли қатысушыларына сәттілік тілеп, оларды алыс жолға шығарып салды.
Әлихан Рахметоллаұлы