Ер адам мен әйелдің миы: 7 айырмашылық
- Әйелдің миы ер адамдікінен 10 пайызға кішірек, бірақ ер адамның миы әйелдікіне қарағанда (жасы ұлғайғанда) ерте кішірейеді.
- Әйелдер бір мезетте бірнеше ақпаратты қабылдай алады, ал ерлерге бір уақытта бірнеше жұмысты атқарған «ұнамайды».
- Ерлер нақты ғылымдарда мықтырақ, ал әйелдерге гуманитарлық ғылымдар оңайға соғады.
- Әйелдер сөйлегеннен ләззат алады, ер адамдарға қарағанда 3 есе көп сөйлейді.
- Егер ер адам көлігімен бір жерге алғаш рет барған болса жүрілген жол мен бұрылыстарды есінде сақтап, адаспайды, ал әйелдер жол бойындағы дүкендер мен ғимараттарды есінде сақтағандықтан жиі адасып жатады.
- Ер адам «не айтылса, соны естиді», ал әйелдер айтылған сөзбен қатар сөйлеген адамның интонациясына, эмоциясына мән береді, сондықтан үнемі «неге олай айтты екен, мұнымен не айтқысы келді» деп «уайымға» салынады.
- Ерлер дүкенге немесе базарға барғанда өзіне керектісін ғана алып, кетуге асығады, ал әйелдер асықпай, сатып алмаса да барлық нәрсенің бағасын біліп, сұрап жүргенді ұнатады. Дайындаған: «ЕлАна»